Атырау, 29 қараша 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Дәлелдер бұрынғыдан да көбейді

4 908 просмотра

Атырау облысының әкімі лауазымынан алынғаннан кейін жарты жылға жуық уақыт өткен соң және сол аралықта бірінен соң бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер қозғалғаннан кейін Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫ қамауға алуға санкция беріліп, экс-әкімге мемлекетаралық іздеу жарияланды. Айдан анық және толғағы жеткен шешім қабылданбас бұрын осыншама ұзақ үзілістің болғанын немен түсіндіруге болады? Осыған қатысты саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ арнайы «АЖ» үшін өз пікірін білдірген еді.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевқа бюджет қаржыларын ұрлап, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен іздеу жарияланғанына таң қалатындай ештеңе жоқ. Алдымен шенеунікке Қазақстаннан кетуге мүмкіндік беріп, содан соң ғана белсенді түрде «іздеуге» кірісетін жағдайдың алды-арты бұл емес. Біздің биліктің осы ойынның қызығына түсіп кеткені сондай, кейін бұл өздеріне таяқ боп тиеді.

Мұндай ақылға сыймайтын саясаттың себептері түрлі болып келеді. Біреулері кетуге үлгеру үшін жай ғана «карт-бланш» сатып алады. Екіншілері өздеріне қарсы әлдебір әшкерелеу материалдары жиналмас бұрын ертерек қашып кетеді. Үшіншілерін Астанадағы «қамқоршылары» бүркемелейді. Әрине, сол үшін олардың өздері тәуекелге барады. Алайда олардың қамқорлығындағы адам темір торға қамалып, олар ағынан жарылар болса, олар үшін нағыз қауіп сонда болады. Б. Рысқалиевқа қатысты осы үш фактор да іске қосылды.

Ол Қазақстаннан кеткеннен кейін үзіліс жасалып, сол уақыт ішінде оған және Астанадағы оның қамқоршыларына қатысты әшкерелеу материалдары жинақтала берді. Бұдан бұрын айтқанымдай, Аслан Мусиннің қарсыластары әзірлеген әшкерелеу материалдары жинақталған папка Кімнің дәлелі мықты?» жарияланымын қараңыз) бұрынғыдан да қалыңдады. Демек, бұл ол үшін мазалы күндер тағы да басталады деген сөз. Бірақ мүлт кетіп, негізгі куәгер ретіндегі Б. Рысқалиевтан айырылып қалды. Енді анағұрлым ұсақ балықтарды сығымдауға тура келеді. Қалай еткенде де, осы әурешіліктің бәрі бір қателікті қайталай беретін биліктің беделін түсіреді. Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті астарлы ойындар мен элитааралық текетірес деңгейіне дейін жеткізеді. Екіншіден, өз әрекеттері арқылы шетелден ақшасы бар, ең бастысы қазақстандық элитаға қарсы «чемодан толы компроматы» бар тағы бір жалған оппозиционерге қол жеткізу қаупі төніп тұр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 ақпан 2013, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.