Атырау, 20 желтоқсан 23:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Сайлауға бармаймыз, митингіге шықпаймыз. Тек жыланамыз»

7 475 просмотра

20 наурызда Қазақстанда ҚР парламентінің мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өткізіледі. Еліміз үшін аса маңызды сайлау алдында біз Атырау қаласының көшелерінде және әлеуметтік желілерде жедел-сұхбат жүргіздік.

Еламан К.: Мен отбасымның басқа мүшелері секілді сайлауға бармаймын. Тіпті, өзіміздің қай сайлау учаскесіне қарайтынымызды да білмеймін. Сайлауға бізге шақырту әкелген жоқ. Үміткерлер туралы мүлдем ештеңе білмеймін, олардың сайлауалды бағдарламалары тұрмақ, есімдерін де білмеймін. Демалыс күнгі уақытымды зая кетіргім келмейді.

Юлия К.: Сайлауға бармаймын. Көп жылдан бері барған емеспін, өйткені бізсіз де барлығы шешіліп қойған, ал, сайлауды өткізу тек көзбояушылық қана.

Татьяна С.: Мен көп жылдардан бері өзімнің о дүниелік болып кеткен атам мен әжемнің пәтерінде тұрамын. Олардың өмірден озғандарына да он жылдың үстіне шықты. Әрбір сайлау өтер алдында сайлау комиссиясынан бір адам келіп, көршілерді аралап, өз дәптерлеріне кімнің қай пәтерде тұратынын жазып алып кетеді. Кейін сайлауға шақырту қайтыс болған ата-әжемнің атына келеді. Он жыл бойына дүниеден өткен жандардың атына шақырту алып келдім. Ал, сол он жыл ішінде сайлау аз өткен жоқ.

Рада Д.: Бармаймын. Біріншіден, олардың әділ өтетініне сенбеймін. Екіншіден, сайлау учаскемнің қайда екенін білмеймін, он жылдың ішінде бірде-бір шақырту қағазын алған емеспін. Үшіншіден, кандидаттардың біреуін де білмеймін.

Дарья П.: Мен сайлауға мына бір қарапайым себепке бола бармаймын, сайлау алдындағы науқанда мен дауыс беретін кандидаттарды тіркеуден алып тастады. Ал қалғандарын мен білмеймін. Тіпті олардың есімдерін естіген де емеспін.

Кенжебек Б.: Қазақстандағы сайлау баяғыда-ақ, таза номиналды сипат алды. Алайда, бұрын қандай да болмасын тартыс болатын, үміткерлердің белсенділігі болды. Олар сайлаушылармен кездесу өткізді, аудандарға барды. Қазір мүлгіген тыныштық. Сіз үміткерлердің біреуінің болса да штабы қайда орналасқанын білесіз бе? Мен кімнің сайлауға түсіп жатқанын, олардың ішінен кімді таңдайтынымды да білмеймін.

Ильяс С.: Мен сайлауға барамын да, жай ғана принципке бола дауысымның ұрланып кетпеуі үшін өзімнің бюллетенімді бүлдіріп тастаймын.

Алевтина А.: Біз үнемі ата-аналарымызбен сайлауға барамыз, алайда барған сайын тізімде болмай шығамыз және бізді қай сайлау болмасын қосымша тізімге тіркеп жатады.

Нұргүл: Атыраулық танымал қоғамдық белсенділерді ойластырылған себептермен үміткерлер тізімінен шығарып тастағанға дейін сайлауға баруға ниетім болған еді, ал, енді білмеймін...

Жандос К.: Қазақстанда сайлау институты өз жұмысын баяғыда-ақ тоқтатты. Бұл қанша өкінішіті болса да, мұның бәрі біздің үнсіз келісіміміздің салдары. Биліктен және әділдіктен көңілі қалған адамдар іс жүзінде өз дауыстарын билікке сыйға тарта отырып сайлауға баруды тоқтатты. Енді олардың көпшілігі олар үшін барлығы да шешіліп тұр деп есептеп, бұл шараны елеусіз қалдырды. Дегенмен, сайлауға бару керек. Тіпті, өз дауысыңды бермес үшін де барғаныңыз жөн. Егер азаматтар барынша жауапкершілікті сезініп, жоғары қатысу деңгейін көрсете сайлауға барса, онда билікте таза бюллетендерді пайдалану мүмкіндігі болмас еді. Мен сайлаудан қалмаймын, сөйтіп өз дауысымды ұрлауға мүмкіндік бермеймін. Оның тәсілдері көп.

Нұркен К.: Менің ұстанымым мынадай - егер сайлауға бармасаңыз, онда сіздің бюллетеніңізді билік өз қалауынша қолданады. Өзгеріс қалайсыз ба? Онда дауыс беріңіз! Қалай дегенмен де кімге де болса, өзіңіз сенетіндей үміткерлердің біріне дауыс беріңіз.

Алик М.: Мен өз дауысымды беретіндей үміткер болмаса, «Қалыс қаламын» деген бағанға белгі соғар едім.

Наталия М.: Сайлау – бұл өкінішке қарай біздің елімізде ешкімге қызықты емес өзінің өзектілігін жоғалтып алған театрландырылған қойылым.

Айдана Х.: Мен міндетті түрде барамын. Өйткені бірінші рет дауыс бергелі отырмын. Өз округімнің депутаттарымен таныстым. Сайлаудың ұйымдастырылуы мен адамдардың келуін қарау мен үшін қызық.

Ләззат Д.: Біз үнемі, әкімдіктер не депутаттар түк істемейді деп шағымданамыз да жүреміз. Ал, өзіміз не істедік? Сайлауға бармаймыз, митингіге шықпаймыз. Тек жыланамыз да жүреміз. Біздің шенеуніктеріміз - ол біздің өзіміздің бейнеміз деген бар. Егер біз ештеңе істемесек, олар да бір нәрсе істеуге құлықсыз болады.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясында сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасатынын хабарлады. Парламент мәжілісін, облыстық мәслихат пен жергілікті (қалалық және аудандық) мәслихатқа сайлау үшін әрбір сайлаушының қолына үш бюллетень беріледі. Әрбір сайлаушы жеке өзі дауыс беруі тиіс. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Егер сайлаушы тізімде болмай шықса, дерекқор бойынша тексеріп, қосымша тізімге енгізеді. Аумақ бойынша қай сайлау учаскесіне қарайтыныңызды білмесеңіз call-орталығынан мына телефондар бойынша нақтылап алыңыздар: 32-08-59, 32-03-58, 32-03-59. Егер сайлаушы участокке денсаулығына байланысты келе алмайтын болса, 12.00-ге дейін учаскелік комиссияға тиісті арыз жазуға құқылы, сол себепті оған үйге арнайы жәшік әкелінеді.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған