Атырау, 20 желтоқсан 23:45
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Макс БОҚАЕВ: «Үмітсіз жағдайда да күресу керек»

6 041 просмотра

Image 019 ақпанда облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерден өтініш қабылдау аяқталады. Мәжіліс сайлауынан айырмашылығы – жергілікті өкілдік органдарына жекелеген округтер бойынша сайланады. Осы деңгейде партиялардың қатысуы кейбір үміткерлерді ұсынумен шектеледі. Алайда заң өзін өзі ұсынуға да рұқсат береді. Облысымызда «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен басқа жергілікті өкілдік органдарына кімдер сайлауға түспекші?

Естеріңізге салсам, облыстық мәслихатта 27 орын, қалалық мәслихатта 19 орын бар. «Нұр Отан» партиясы екі мәслихатқа осы билік органдарындағы орынға тең келетін мөлшерде кандидаттарын ұсынды. Алайда билік партиясы мүшелерінен басқа осы орынға қала мен облыстың басқа тұрғындары да күреседі. Нақты кімдер екені – бүкіл өтініштер тіркелгеннен кейін ғана, яғни, 19 ақпаннан соң белгілі болады. Әзірге ешқандай партия қатарында жоқ бірнеше адамдардың есімдері ғана белгілі. Осы сайлауға қатысу ниеті бар екендігі туралы Атырауға белсенді азаматтық ұстанымдарымен танымал бірнеше тұлға мәлім етті. Бұлар - өз кандидатын облыстық мәслихатқа ұсынған Әсел НҰРҒАЗИЕВА, қалалық мәслихатқа өздерін ұсынған Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯН. Оларға түрткі болған не?

Боқаев өз ұстанымын білдірді:

- Мен Атырау қаласының тұрғынымын. Бұл жерден кететін ойым жоқ. Сондықтан осы жерде өмір сүру қолайлы болса және дұрыс тәртіп болса екен деймін. Қазір ол жақта отырғандардың көпшілігінің қоғамдық емес, жеке мүдделерін қорғау үшін келгендігі жасырын емес. Олардың аты-жөндерін қазір атамай-ақ қояйық. Жалпы, осы ахуалды өзгертудің қарапайым ғана мүмкіндігі бар. Мен бес жылдан бері ұсынып келемін - әрбір шартты тұрғын массивте монополистермен, мемлекеттік кәсіпорындармен, атқарушы билікпен тең емес күрес жүргізетін бірнеше белсенділер бар... Олар судың, жарықтың, жолдың өз ықшамаудандарына жүргізілуіне қол жеткізіп отыр ғой. Міне, осындай адамдарды тауып, мәслихатқа ұсыну керек. Бұл - сіздің ауданның, көшенің немесе үйіңіздің мүддесін шынайы қорғайтын өз адамыңыз болатын сенімді тәсіл. Бюджетті бөлу кезінде сұрақтар қойып, құжаттарды сұрастырып, өз округі үшін жаны ашитын солар болмақ. Ал екінші жағынан, сіз әрдайым да оны танитын боласыз, оған жақындап барып, сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Ал қазір мәслихатта сіздің округтің мүддесін кім қорғап отырғанын білесіздер ме? Ойланбастан атай аласыз ба?

- Сіз мәслихат – шынымен де осыған қолдау көрсете алатын құрал деп есептейсіз бе?

- Заң бойынша ол осылай. Ол сондай құрал болуы тиіс. «Техника үндістердің қолында - металл сынығы ғана». Осындай сөзді естідіңіз бе? Неліктен екені белгісіз, мәслихат, қалалық кеңес, сайлау секілді өркениеттің көптеген жетістіктері біздің қолымызда осындай металл сынығына айналады. Біз осы құралдарды дұрыс пайдаланбай отырмыз деген күмән бар.

- Сіздің демеушілеріңіз бар ма?

- Әзірге жоқ, жалпы қажеті де жоқ. Бұл, айтпақшы, тағы бір себеп – мәслихатқа қатысу үшін аса үлкен шығын қажет емес, көлік құралы қажет болмайды, өзіме - екі аяғыма сенемін. Door to door – есіктен есікке принципі бойынша жүретін боламын. Жалпы бұл жерде «жақтаушылар» деген сөзді қолданған жөн. Егер нақты және әлеуметтік желілердегі виртуалды достарым, әріптестерім көмектессе, әрине, қуанамын. Алайда аса бір үміт артпаймын.

- Сіздің осындай сайлауларға қатысқан, бірақ өтпей қалған тәжірибеңіз балды ма?

- Бұл 2011 жылы болатын. Мен тіркеліп қойған едім, бірақ Жаңаөзен бойынша биліктерге қойған ашық сұрақтарым мен хаттарым үшін қоғамдық бірлестіктің мүшесі екеніңді жасырдың-мыс деген формалды желеумен мені (көптеген басқа белсенділер секілді) тіркеуден алып тастады. Мен мұны көрсету қажет деп есептемеген едім. Оның үстіне мұндай талаптар болған жоқ. Алайда екі деңгейдегі мәслихаттарға кейін қылмыстық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен қудаланған тұлғаларды да өткізіп жіберген еді. Іс жүзінде олардың көпшілігі өз қылмыстарын бұрын жасағандар және құжаттарын ұсыну кезінде жасағандар. Мен қазір де үміттеніп отырған жоқпын. Бірақ құжаттарымды анағұрлым мұқият әзірлеп жүрмін, мүмкіндігінше қателіктерді болдыртпауға тырысамын. Егер, естеріңізде болса, журналист Инга Иманбаеваны өз декларациясында 33 теңгені көрсетпегені үшін, ал басқа бір кандидатты өзінің төлем кәртішкесінде бір соманы көрсеткені үшін алып тастады. Тексеру кезінде кәртішкенің ішінде басқа сома болған. Адам өз кәртішкесін пайдаланады ғой. Партияда жоқ біздің бірімізді өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Қараңдар, өткіздік, бізде демократия ғой дер. Бір тәуелсіз депутат 18 депаутатқа қарсы не істей алады? Тіпті ол сессияда көпшіліктің дауысына қарсы дауыс берсе де, көпшілік дауыстар жеңеді. Ал егер тағы да тәуелсіз депутаттар өтсе, тепе-теңдікті, осы балансты бұзуға болады. Бірақ дауысқа түспекші болып, жүгіріп жүрген де айналдырған сол 4-5 белсенді. Онда да сайлау қарсаңында кенеттен әлдекім әлеуметтік белсенді болмай қалмаса және шешім қабылдап, мәслихатқа келгісі келмей қалмаса. Бірақ шынында да үміт аз. Кеңселер планктондарға толы, олардың арасында сауатты, көпті көрген, іс жүзінде не болып жатқанын түсінетін адамдар көп. Алайда олар жарық, жылы жерде отыр, оларға шыбын да тиіспейді. Бәлкім, олар бұғып қалып, табыс тауып қана, кетіп қалуды армандайтын болар. Міне, осы қорқынышты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 ақпан 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.