Атырау, 20 желтоқсан 23:59
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

"Нұр Отанның" қатары сиреп қалды

4 823 просмотра

3 наурызда Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-де «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының 25-ші кезектен тыс конференциясы өтті.

Партияның Атырау филиалы төрағасының орынбасары Қанат ӘЗМҰХАНОВТЫҢ ақпараты бойынша «Бiздiң ауыл», «Бақытты отбасы», «Ардагерлердi ардақтайық» жобалары бойынша негізгі әлеуметтік топтармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Соғыс ардагерлеріне 300-ден астам еріктілер бекітілген, жетім балаларға 163 пәтер бөлінген. 300-ден астам мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, селолық округтерде ауладағы балалар және спорт алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басында «Сәттi қадам», «STOP-қылмыс», «Жастар кадрлық резервi» үш жастар жобасы бойынша екі мыңнан астам жас азаматтар қамтылған. Бұлар ең алдымен қалаға келген және көмекке мұқтаж ауыл балалары. Партияның әлеуметтік «Кедергiсiз келешек» жобасы шеңберінде көмекке жүгінген мүмкіндіктері шектеулі 244 азаматтың 130-ы жұмысқа орналасқан. Қалалық филиалда тәртіп бұзғаны үшін партия қатарынан 12 339 адамның 3 850-і шығарылған.

Партия ардагері Миллят САБЫРОВА «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан президентіне үміткерлікке Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Қорытындысында партияның қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ партия қатарына жаңадан алынғандарға партия билеттерін табыстады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 наурыз 2015, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.