Бүгін, 23 қарашада Қазақстан халық партиясы ОСК-ге Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін ұсынды. Жалпы саны 125, оның алтауы - атыраулықтар.
Олар - Қанатқали ДҮЙСЕНОВ (өндірістік оқыту шебері), Данияр ӨГІЗБАЕВ (ҚХП Атырау филиалының менеджері), Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ (журналист, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі), Ғабиден ҚАЙЫРЖАНОВ («Облыстық волейбол клубының» директоры), Альберт ЖАҚИЯЕВ (NCOC халықаралық компаниясының қауіпсіздік қызметінің үйлестірушісі) және Еділ ҰЗАҚБАЙ («Атырау облысының кәсіподақ орталығы» ЖШС. «Senim» салалық кәсіподағы» РҚБ АОФ»).
Айнұр САПАРОВА