Атырау, 4 қазан 17:06
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Максты босатты, Шолақтың жолы болмады

4 497 просмотра

Құбайдолла ШОЛАҚҚұбайдолла ШОЛАҚБұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2 шілдеде Атыраудағы белгілі қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВТАН Атырау облысы бойынша ЭСЖҚКД-нің (қаржы полициясы) тергеу басқармасы Мұхтар ӘБІЛЯЗОВҚА қарсы қылмыстық істі тергеу аясында жауап алуға шақырған еді Макстен жауап алды. Әзірге үстіртін ғана» жарияланымын қараңыз).

4 шілдеде «Демос» ҚБ қызметкері Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫ және Макс Боқаевты қаржы полициясының ғимаратында жауап алу үшін ұзақ уақыт ұстаған. Алайда қоғам белсенділері олардың қолдарында ұшаққа билеттері бар екенін, бірнеше сағаттан кейін Алматыға «Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің ұсыныстарын орындау мониторингісі» жобасы бойынша кеңейтілген кездесуге ұшу керектіктерін ескерткен. Онлайн тіркелімінен өткендіктен Т. Құсайынов пен М. Боқаев рейске кешікпеді.

ҚДТ партиясының бұрынғы мүшесі Құбайдолла ШОЛАҚТЫҢ жолы болыңқырамады. Бүгін, 9 шілдеде ол да пойызбен адам құқықтары жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатысу үшін Алматыға кетуі тиіс еді. Алайда сапары болмай қалды. Оның айтуынша, 7-сі күні таңертең оған ҚІІБ қызметкерлері келіп, өздерімен бірге жүруді сұраған.

Қолдарында шақырту болған жоқ. Менің үстімнен шағым түскенін, наурыз айында Алматыда өткен Кедендік одаққа кіруге қарсы референдумға қатысушыларға  ақша берем деп уәде беріпсің дегенді айта бастады, - дейді Шолақ.– Мен оларға ешқайда бармаймын дедім. Содан соң олар кетіп қалып, шақырту қағазын алып келді. Менің олармен еріп бармасқа амалым қалмады. Түсініктемеде ешкімге ештеңе уәде бермегенімді жаздым. Ақырында менің жеке бас куәлігімді алып қойды. Құжатсыз мен тіпті билетті де тапсыра алмаймын.

Жауап алуға жаппай шақыртуларды қоғам белсенділері мен бұрынғы оппозициялық партия өкілдері «органдардың» алдағы уақытта Алматыда өтетін шараны Әбілязов қаржыландырып отыр деген күмәндары болып тұр дегенмен байланыстырды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 шілде 2013, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.