Атырау, 19 қараша 10:42
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Жылыойда Жанболат Мамайға «лайк» басқан ұстаздар тексерілді

5 228 просмотра

Атырау облысының Жылыой ауданында әлеуметтік желіде оппозициялық белсенді әрі журналист Жанболат МАМАЙДЫҢ посттарының астына «лайк» қойған мектеп ұстаздары тексеріліп жатыр. Бұл туралы Жылыой аудандық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Гүлжансары ТАҢАТАРОВАНЫҢ мектеп директорларына жолдаған хаттарынан белгілі болды.  

Хатта алдағы уақытта осындай жағдайды болдырмау және алдын алу жөнінде әлеуметтік желі парақшаларына мониторинг жүргізу тапсырылады. Бұдан басқа, педагогтар әр айдың соңында мониторинг жөнінде әдістемелік кабинетке есеп беруге міндеттелген.

Бұл хатқа кейбір мұғалімдер наразы екенін айтуда.

- Бұл мұғалімнің беделін төмендетіп, құқығын шектейді, -  дейді ұстаз Жанаргүл ШАРҒАБАЕВА  

Жанболат Мамайдың өзі әлеуметтік желіде ұстаздарға ескерту ретінде осындай хаттар басқа аудандарда да таратылып жатқанын және бұл алдағы парламент сайлауына байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі төмендегі жайтты мәлімдеді: 

«Орын алған факті бойынша аудан әкімінің төрағалығымен оның орынбасарлары, бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізілді. Қызметкерлердің әлеуметтік парақшаларына мониторинг жүргізу жөніндегі хат ұсынымдық сипатта жолданды және бұл жерде әлеуметтік желілерге тіркелген басқа да тұлғалардың құқықтарын шектеу немесе қызметкерлер арасында жағымсыз кейіпкер ретінде таныту емес екендігін айта кеткен жөн. Дегенмен мемлекеттік органдар арасында ақпараттық хат алмасу процесінде жіберілген кемшіліктер үшін, яғни, ресми хаттарда өзінің бастамасы негізінде жеке тұлғалардың аты-жөндерін жариялау фактісіне жол бергені үшін аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға «қатаң сөгіс», аудан әкімінің орынбасарына қадағаламағаны үшін «сөгіс» берілді».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

20 қараша 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.