Атырау, 13 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Ауыл әкімдері сайланды

5 738 просмотра

6 тамыз күні Атырау облысында ауыл әкімдерін сайлау өтті.

Сайлау Атырау қаласы және облыстың 7 ауданында өткізілді. Мәслихат депутаттары 72 әкімді сайлады (Құлсары қаласының 1 әкімін, 4 поселке және 10 ауыл әкімін).

Жалпы облыс бойынша 214 үміткер тіркелді, олардың көпшілігі – биліктің «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Ауыл әкімдері 4 жыл мерзімге сайланды. Өз міндеттеріне олар бір апта ішінде кіріседі. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВТЫҢ айтуынша, сайланған 72 әкімнің 51-і бұрынғы әкімдер болса, 21 – жаңадан сайланғандар. Олардың қатарында тек 7 әйел бар, оның 4 - жаңа сайланған әкімдер.

Комиссия төрағасының түсіндіруінше, ауыл әкімдерінің өкілеттілігі олардың кандидатураларын ұсынған аудан әкімдерімен және депутаттармен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа әкім екі ай мерзім ішінде сайланады.

Барлық 72 үміткер сайлау барысында 60-тан 90%-ға дейін дауыс жинады. Әр бюллетеньде үш үміткер ұсынылды, сайлаушыға өзі таңдаған үміткердің жанына белгі қою керек болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының Қаулысына сәйкес «Бәріне қарсымын» деген нұсқа болмады. Бұл жөнінде Ибрашев түсінік беріп өтті:

- Біз өз еңбегіміздің нәтижесін негізге алу керекпіз. Аудан немесе қала басшылығы ауыл әкімдігіне үміткерлікке кез келген емес, қолынан іс келетін, сайланған кезде осы жұмысты өз дәрежесінде жүргізе алатын адамды ұсынады. Бұл Қазақстанда жүріп жатқан бірінші процесс, үміткерлер үшін қала және аудан әкімдеріне жеке жауапкершілік жүктеледі.

Дауыс беру күні сайлауға мәслихаттардың 104 депутаты қатысты (бұл барлық сайлаушылардың 97,1 пайызы), олардың көпшілігі «Нұр Отан» ХДП мүшелері.

Облыстық аймақтық комиссияның мәліметі бойынша, дауыс беру күні сайлау барысын үміткерлердің сенімді тұлғалары, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ және «Нұр Отан» мен ҚКХП өкілдері бақылады. Сайлау науқаны барысында және дауыс беру күні сайлау комиссияларына шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Еске салсақ, Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау 9 тамызға дейін жалғасады, бірінші болып сайлау Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілсе, келесі күні біздің облыста өткізілді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.