Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ Парламент Мәжілісіндегі кезектен тыс сайлауға дайындық барысы туралы әңгімеледі.
Сайлау 20 наурызға белгіленген. Осы күні барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауы өтеді. Дауыс беретін күні сайлау учаскелерінде үш бюллетеннен беріледі: Парламент Мәжілісіне, облыстық мәслихатқа және аудандық (Атырау қаласында қалалық) мәслихат үшін.
Атырау облысында сайлаушылар саны 302 мыңнан астам адамды құрайды.
134 округтік және 234 учаскелік сайлау комиссиясының жұмысы ұйымдастырылған.
Сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарына үміткерлерді ұсыну 20 қаңтарда басталды және 19 ақпанда аяқталады.
- Жаңа өзгерістер бар. Бұрын азаматқа сайлау күні мекенжайында болмаса, алдын ала өзінің сайлау учаскесіне барып, есептен шығару куәлігін алу керек болатын. Енді есептен шығару куәлігін оның сенімхаты арқылы басқа адам алып, оған жібере алады.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор