26 сәуірде өткен ҚР президентін мерзімінен бұрын сайлау нәтижелері бойынша біздің өңіріміз дауыс беруге қатысу тұрғысынан тек Алматы (98,48%) мен Оңтүстік Қазақстан (97,78%) облыстарына жол беріп, алғашқы үштікке кірді (97,75%).
Атырау облысында дауыс беру тізіміне 304 593 сайлаушылар енгізілді, 9 аумақтық сайлау комиссиясы, 232 учаскелік сайлау комиссиясы ұйымдастырылды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, қазіргі президентке атыраулықтар 284 215 дауыс (98,22%), Тұрғын Сыздықовқа - 3 406 (1,18%), Әбілғазы Құсайыновқа - 1 736 (0,6%) дауыс берген. Сайлау учаскелеріне қатысқан бақылаушылар дауыс беру және дауыс есептеу процедураларының өрескел бұзылуын тіркеген жоқ.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Фото Каната ЕЛЕУОВА