Атырау, 19 қараша 10:38
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​Атырау соты Макс Боқаев пен Талғат Аянды қамауда қалдырды

Сурет Бейнежазба
6 992 просмотра


9 маусымда облыстық сотта азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» ауыстыру туралы апелляциялық өтініштері қаралды.

Қазіргі кезде олар екі айға тергеу изоляторына қамалған. Екеуіне де Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, 24-бап («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»), 179-бап («Билікті күштеп басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бап («Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру». Осы баптар бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біз сот ғимаратының табалдырығын аттай бергенімізде, полицейлер бізді тоқтатты. Процесс жабық режимде өтіп жатыр деді олар. Бұдан басқа, апелляцияны қарау тергелушілердің қатысуынсыз өткізіліп жатыр екен. Боқаев пен Аянды уақытша ұстау изоляторына қалдырыпты. Баспасөзге фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салды, алайда кейінірек соттың баспасөз қызметі бұл райларынан қайтты.

Сотталушылардың мүддесін бұрынғыша адвокат Төлепқали АЯНОВ қорғады. Тергелушілерді моралдық қолдауға Ақмарал БОҚАЕВА, бостандыққа жіберілген сәуірдегі митингке қатысушы Ерлан БАШАҚОВ және 10 шақты адам келді. Сот шешімін шыжыған күннің астында тұрып ұзақ күтуге тура келді. Бір кезде кіреберісте полицейлер мен сот қызметкерлері әбігерге түсті.

Кейін Талғат Аянның анасының жүрегі нашарлап кеткенін білдік. «Жедел жәрдем» шақырылып, әйелді ауруханаға алып кетті.

Сағат екіге қарай Макс Боқаев пен Талғат Аянды екі айға қамауға алу туралы бұрынғы шешімнің өзгеріссіз қалғаны белгілі болды.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

9 маусым 2016, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.