Атырау, 20 сәуір 00:19
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Әбдікәрімов жемқорлықпен күресуін тоқтатады

4 529 просмотра

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ. Фото: vesti.kzОралбай ӘБДІКӘРІМОВ. Фото: vesti.kzКеше, 30 қыркүйекте Қарағандыдағы партия отырысында «Нұр Отан» ХДП жанындағы республикалық қоғамдық жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ кешікпей өз орнына басқа адамның келетінін айтты.

Бұл туралы «Ақ Жайыққа» әріптесі – қарағандылық журналист отырыс аяқталғаннан кейін БАҚ-тардың бірде-бірінде О. Әбдікәрімовтің бұл мәлімдемесі туралы айтылмағандықтан хабарлаған еді. Біздің дереккөзіміз растап отырғандай, елдегі бас жемқорлықпен күресуші таяу уақыттан бері сенатор еместігіне, қазіргі қоғамдық лауазымы ҚР Парламентіндегі партиялық фракция қызметімен тығыз байланысты екендігіне сілтеген екен. Сондықтан ол үстіміздегі жылдың 18 қазанына белгіленген «Нұр Отанның» кезекті съезінен кейін осы лауазымнан кететін көрінеді.

Жеке ақпарат

 

«АЖ» анықтамасы: Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бұрынғы мүшесі. 1944 жылғы 18 желтоқсанда туған, қазақ. Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, саясаттанушы.

Қарағанды қалалық халықтық бақылау комитетінде, партия органдарында, республикалық басқару органдарында мемлекеттік қызметте, Президент Әкімшілігінің басшысы, Жоғары тәртіптік кеңес төрағасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент кеңесшісі болып қызмет атқарған.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1999 жылғы қарашада Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланған.

II, I дәрежелі «Барыс», ТМД ПАА-ның «Содружество» ордендерімен, он медальмен марапатталған.

Кезінде біздің газетіміз жазғандай, 90-шы жылдары Атырау облысының бұрынғы әкімдерінің бірімен бірге тікұшақтан құлап, ал Сенат төрағасы болған кезде – тас жолда көлік апатына ұшыраған екен.

1 қазан 2013, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.