Атырау, 11 маусым 20:20
 дождьВ Атырау +31.3
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Барлық жаңалық

Басқа жаңалықтар

Мұз үстіндегі толғақ

Көктем жақын қалса да, биылғы қардың қалың түсуі әрі қатты бораннан жол қатынасының күрделенуіне байланысты Индер ауданында шалғай ауылдағы жүкті әйелдерді облыс және аудан орталығына жеткізе бастады. 29 ақпан 2012, 19:50 2 118 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Ашық бюджет туралы оғаш сюжет

«Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін анықтау жөніндегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Атырау бюджеті еліміздегі ең ашық бюджеттердің бірі деп танылды. 29 ақпан 2012, 19:39 2 536 рет қаралды
Қаржы қоржынының құпиясы Экономика

Қаржы қоржынының құпиясы

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялары: жергілікті ұйымдарға қанша үлес тиеді? Коммерциялық емес ұйымдар ғана қатысатын ТШО-ның облыстық әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасына қаржы бөлу жөніндегі саясаты оларды алушылар тарапынан көп сынға ұшырап отыр. Шетелдік инвестор жобаны таңдаған кезде жұртшылықтың пікірімен санаспайды дейді үкіметтік емес ұйымдар. Ал ең бастысы – бюджет жөніндегі ақпарат жабық. «Теңізшевройл» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Линси КРЕЙНМЕН (суретте) кездескенде бірқатар жайттарды ашу үшін сауалдарымызды басқа қырынан қоюға тырыстық. 29 ақпан 2012, 19:31 4 227 рет қаралды
Тауқымет Басқа жаңалықтар

Тауқымет

2010 жылғы 31 шілдеде 16 адамнан тұратын үлкен бір отбасы Аққыстауға тойға жиналады. Алайда, той үш адамның жаназасын шығарумен аяқталды: қаладан 20 шақырымдай жерде қатты жүріп келе жатқан микроавтобустың дөңгелегі ұшып, жол апаты орын алды. Кішкене бүлдіршін Нұрай САПАШЕВА үш жасын атап өтуге екі ай уақыт қалғанда  қыршыннан қиылса, Дильназ ДЕГЕНОВА бар болғаны  төрт-ақ жаста болатын. Ал сұлу бойжеткен, 2003  жылы Атырау тете-мисс атағына ие болған Гүлнұр САПАШЕВА енді көптің есінде  мәңгі сол жиырма бес жас күйінде сақталып қалмақ. 29 ақпан 2012, 19:12 4 815 рет қаралды
Ақсақал әкімді абыржытты Басқа жаңалықтар

Ақсақал әкімді абыржытты

Облыс әкімінің есебінен және басқа да оның ішінде мәжілісмен Асхат БЕКЕНОВТІҢ әкім атына мақтау жолдаған сөйлеушілерден кейін мінбеге күтпеген жерден белгісіз бір зейнеткер (суретте) шығып, Бергей РЫСҚАЛИЕВКЕ бірнеше өткір мәселелерге қатысты сауалын қоя бастады. 29 ақпан 2012, 18:58 2 771 рет қаралды
Бүгінгі бағам - ертеңге қадам Экономика

Бүгінгі бағам - ертеңге қадам

Неліктен Ауыл шаруашылығы министрлігі «АтырауБалықты» қаржыландыруды тоқтатты және жергілікті билік Жаңаөзендегі оқиғадан қандай сабақ алды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ 2011 жыл ішіндегі өз есебінде мәлімдеді. 29 ақпан 2012, 18:55 2 572 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

2012 жылдың 1 наурызында (бейсенбі) сағат 15-тен 16-ға дейін (жергілікті уақыт) «Ақ Жайық» газетінің www.azh.kzсайтында Атырау қалалық ПИК қауымдастығының жетекшісі Асылбек МҮЛІКОВТІҢ, оның орынбасары Гүлнар САЛИХОВАНЫҢ, «ТКШ ҚазОрталығының» Атырау филиалының директоры Серік ХАЙРОШЕВТІҢ (баспананы жаңғырту бағдарламасының операторы) қатысуымен интернет-конференция өтеді. 23 ақпан 2012, 15:28 1 769 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Ағылшынша білесіз бе?

«АЖ» редакциясы газетіміздің жаңа, ағылшын тілді қосымшасының үздік атауына бәйге жариялайды. «WestKazakhstanToday» (10 жыл бұрынғы тәжірибеміз), «Atyrauherald», «AtyrauTimes», «Atyraureview», «Atyrauweekend», «Theweek», «Weekreview», «Deltanews», «Caspian», «Wild/MildWest», «Western.kz», жай ғана «AkZhaiyk/AZH.kz» және т.б. – сіздің қиялыңыз үшін кейбір нұсқалар ғана. 23 ақпан 2012, 15:24 2 682 рет қаралды
Тоқсан өнер тоғысқан театр Мәдениет

Тоқсан өнер тоғысқан театр

Ақпанның 13-і мен 19-ы күндері аралығында Атырауда өткен Астана Жастар театрының гастрольдік сапары сәтті аяқталды. Осы бір аптаның ішінде бұл театр жергілікті өнерсүйер көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Астана Жастар театрының негізі 2007 жылы қаланған болатын. Ондағы спектакльдер әуезді әндер мен күрделі музыкадан, би мен пантомимадан құралған және энергетикаға толы. Осы ерекшелігімен жас көрермендердің көңілін жаулап, елге танылған. 23 ақпан 2012, 14:48 6 465 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Алименттен жалтарғандар тұтылды

Бірқатар тиісті қызмет орындары қатысқан «Балаңды есіңе ал - алимент төле» деп аталатын ауқымды облыстық акцияға тіпті дін қызметкерлері де бей-жай қалмады. Облыстағы мешіттер мен шіркеулерде Құран мен Библияда айтылғандай, өз балаларын асырау мен тәрбиелеуге қатыспау дұрыс еместігі және олар үшін жауапкершілікте болатындығы туралы уағыз әңгімелер өткізілді. 23 ақпан 2012, 14:35 2 378 рет қаралды
Әшекейлер әлегі Басқа жаңалықтар

Әшекейлер әлегі

Көрмедегі ұрлық ашылды, алайда, бағалы бұйымдардың иелері заттай айғақтардың жоғалуына полицейлерді кінәлап отыр. «Мұнайшы» спорт кешеніндегі Ресей және Еуропа елдерінен әкелінген зергерлік бұйымдар, киім-кешек, парфюмерия және басқа да тауарлардың халықаралық көрмесінде орын алған ұрлықты ашуға қатысты Атырау облысы ІІД-де болған брифинг жанжалмен аяқталды. 23 ақпан 2012, 14:27 6 173 рет қаралды