Атырау, 10 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Тестілеу тағы түрленді

5 239 просмотра

Осы көктемде мектептер мен жоғары оқу орындарында мемлекетаралық бақылау (МАБ) орнына оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүргізілетін болады. 

МАБ 2004 жылы енгізілді, ол 4 және 9-сынып оқушылары, сондай-ақ, 2-курс студенттері арасында жүргізілген еді. Егер білім беру ұйымдарының дәрежесі ең төменгі нәтижелерге қол жеткізбесе, онда олар кезектен тыс мемлекеттік  аттестациялаудан өтуге тиісті болатын. Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың МАБ-дан өзгешелігі сол, егер білім мекемелері төменгі нәтижелер көрсеткенмен, оларға қатысты ешқандай  жоғарыда аталғандай шаралар қолданылмайды. Алайда, сыртқы бағалау қорытындылары мектепке немесе жоғары оқу орынына түсем деушілер үшін ақпарат ретінде қолданылады. Демек, олар үшін бұл өз беделдерін сақтап қалудың тікелей мүмкіндігі болып табылады. ОЖСБ 9-сыныптар мен жоғары оқу орындарының 4-курстарында жүргізілетін болады.

Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасының игерілуі таңдау бойынша бағаланады: жаңа тестілеу бағдарламасы оқу мекемелерінің шамамен 10% жүргізіледі. Біздің облысымызда 197 мектеп бар, ОЖСБ олардың тек 20-да ғана өтеді. Алғашқы сыртқы бағалау процедурасы сәуір айында  және 4 пән бойынша кешенді тестілеу формасында жүргізіледі деп көзделіп отыр. Төрт пәннің ішіне қазақ тілі (міндетті тәртіп бойынша) және тағы да 3 пән кіреді, ал, оны жыл сайын білім беру министрлігі  тестілеу алдында белгілейді.

–  Білім беру министрлігі пәндердің тізімін күні бұрын әдейі жарияламай отыр, өйткені, мұғалімдер басқа оқу бағдарламасын  қоя салып, «керекті» деген пәндерге ыждағатты дайындыққа кірісіп кетеді,дейді ғылым және білім беру саласындағы бақылау Комитетінің бас сараптамашысы Қайыржан РАХЫМЖАНОВ.  Ол сондай-ақ, тәжірибе ретінде Атырау мен Астанада оқушылардың білімін бағалау компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізілетіндігін хабарлады. Әр пән бойынша тесті тапсырмаларының саны – 20, 4 пән бойынша тестілеуге 2 сағат уақыт беріледі.

Ұстаздар қауымы бұл жаңалыққа аса қатты қуанышты емес. Олар шамасы, білім беру саласындағы бітпейтін тәжірибелерден шаршаған секілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 ақпан 2012, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.