
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді терең өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталды.
Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 70 мың тонна деп межеленіп отыр.
Жоба қазақстандық «Qazaq Global Food JV» компаниясымен жүзеге асырылып, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта осы салада алдыңғы қатарлы ірі Göknur Gıda түрік компаниясымен Off-take келісіміне қол қойылған.
Келісімге сәйкес, аталған компания болашақ кәсіпорын өндірген өнімдердің, соның ішінде алма шырыны концентраты мен басқа да өңделген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын стратегиялық оператор болмақ.
Бұл серіктестік ұзақ мерзімді өткізу кепілдіктерін қамтамасыз етеді және қазақстандық өндірушілердің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін кеңейтеді, осылайша Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы ұстанымын нығайтады.
Жаңа зауыт заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық АӨК-ті одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Жобаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңге.
В Атырау +4