Атырау, 24 қараша 02:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алименттен жалтарғандар тұтылды

2 187 просмотра

Бірқатар тиісті қызмет орындары қатысқан «Балаңды есіңе ал - алимент төле» деп аталатын ауқымды облыстық акцияға тіпті дін қызметкерлері де бей-жай қалмады. Облыстағы мешіттер мен шіркеулерде Құран мен Библияда айтылғандай, өз балаларын асырау мен тәрбиелеуге қатыспау дұрыс еместігі және олар үшін жауапкершілікте болатындығы туралы уағыз әңгімелер өткізілді.

«Түрлі аудандарда 8 бекет құрылып, онда ЖПБ, көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен сот орындаушылары кезекшілік етті. Сондай-ақ, әуежайда, теміржол вокзалы мен көлік стансаларында рейдтік шаралар жүргізілді, - деп әңгімелейді облыс прокурорының аға көмекшісі Алмагүл ЕРҒАЗИЕВА. Арнайы бағдарламамен қамтылған компьютерлік техникамен жарақталған сот орындаушылары жол полициясы қызметкерлерімен бірге патрульдік қызметті жүргізуге қатысып, дерекқор арқылы көлік қожайындарының алименттер бойынша берешектерінің бар-жоғын тексерді.

18 қаңтардан 18 ақпанға дейінгі аралықта өткізілген акция барысында прокурорлық әрекет ету шаралары арқылы борышкерлер 2,5 млн теңгеден астам сомада алимент бережақтарын өтеді. Мұндай көмекті өз әкелерінен ұзақ уақыттан бері алғаш рет 225 бала алған. Әкімшілік жауапкершілікке 11 борышкер тартылды. Бұдан басқа, 17 борышкерге іздеу жарияланды. Бір ай ішінде оның 8-і жұмыс орны арқылы анықталып, кәсіпорындарға еңбек ақыдан алимент ұстау үшін атқарушы құжаттар жолданып, бұрынғы отбасынан бейхабар тағы 4 адамның мекен-жайы анықталды. Ішкі істер органдары борышкерді алып келу туралы сот орындаушыларының 41 қаулысын орындады. 

Борышкерлердің көпшілігі жұмыссыздар, сондықтан прокуратураның бастамасымен 728 адамға әрі қарай жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту орталығына жолдама берілді. Оларды жұмысқа орналастырып, жалақыларынан балаларға тиесілі соманы шегеріп тастайтын болады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматтандырылған «Бүркіт – сот орындаушы» ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды. Соның аясында борышкерге Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығуды уақытша шектеу туралы дерекқор құру жоспарланған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 ақпан 2012, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.