Атырау, 26 желтоқсан 18:58
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Судағы балыққа оттегі тапшы

2 511 просмотра

20 ақпанда қалалық балық қорғау инспекциясының қызметкерлері Жайық өзеніндегі мұздың  қалыңдығын өлшеді. Оның қалыңдығы 59 сантиметр болды. Кейін оттегінің концентрациясын тексеріп, дабыл қақты.

Мұзбен құрсауланған өзендегі оттегі құрамының тиісті нормадан оннан бір миллиграмм үлесінде төмен  екендігі анықталды. Ал, бұл балықтардың қырылуына соқтыруы мүмкін.  Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қалалық бөлімінің инспекторы Вячеслав ЧИРКОВТЫҢ айтуынша, өзендегі оттегі мөлшері бір литрге 5 миллиграммнан аз болмауы тиіс. Ал, орталық көпір ауданындағы су тексерілген кезде ол 4,9 мг. көрсеткен. Ал, одан 10 күн бұрын ол 6,6 мг. болған екен.

Балықтарға төніп тұрған қауіпке байланысты балық шаруашылығы инспекциясында балық аулау кооперативтерімен мәжіліс өткізілді. Оларға параметрі 4-ке 4 метр болатын 17 мұзойық жасауға бұйрық берілді және ойылған жерлерді қоршау тапсырылды.

-Өзендегі оттегінің жетіс-пеуіне үкіметтің балық аулауға лимитті бекітуі туралы қаулысының кешіктірілуі себеп болып отырған жоқ па?  - деп сұрадым мен В.Чирковтан.  – Өйткені осының салдарынан қаңтар бойына әуесқой балық аулаушыларға балық аулауға тыйым салынды, соған сәйкес олар да өзеннен үкі ойған жоқ. Ал, сол ойықтар арқылы өзенге оттегі келетін еді.

- Жоқ оның себебі ол емес, қатты аяз бен қалың қардың салдарынан,- деп жауап берді менің әңгімелесушім. – Мысал ретінде айталық, сонау 1985 жылды келтірер едім, сол кезде де қатты аяз болды, көптеген адамдар қармақтарымен мұзда тұрды, балық комбинатының жұмысшылары зауыттың тоңазытқышы үшін мұз дайындаған болатын, бірақ, бәрібір сол кезде де көп балық қырылып қалды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 ақпан 2012, 18:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.