Атырау, 13 желтоқсан 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Көмектеспесек, ақшадан қағыламыз

1 887 просмотра

Облыстық әкімдік техникалық тексеруден өткізуші фирмалардың тапшылығына алаңдаушылық танытты.

Естеріңізде болса, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұл қызмет түрі жол полициясынан алынып, бизнес-ортаға берілген болатын. Облыстық көлік және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Ахмет АХМЕДОВТЫҢ айтуынша, бүгінгі күні Атырау облысында тек «Атырау Лада» ЖШС  ғана барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған және ол республикалық тізілімге еніп отыр. Бұдан басқа, «НацЭкспертиза» компаниясы осы жылдың бірінші тоқсанында осындай орталықты ашуға дайындалып жатыр. Ал, әзірге техникалық тексеруден бар-жоғы 640 автокөлік қана өткен. А.Ахмедовтың пікірінше, Атырау облысына әлі де ондай орталықтардың 10-ы керек. Ол облыс басшылығына осы бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «Жол картасы-2030» бағдарламасына енгізу туралы өтініш жасаған болатын.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» аймақаралық көлік бақылау инспекциясының бастығы Самат ҒИЛЫМОВТЫҢ айтуынша, техникалывқ тексеруден өткізу орталықтарының жетіспеушілігі біздің 83 мың транспорт құралы бар аймағымыз үшін  таяу айларда үлкен проблемаға айналмақшы. Ал егер автокөлік иелері бұл процедурадан өтуге асықпайтын болса, онда алдағы уақытта дүрбелең басталатын болады.

Және тағы да бір мәселе бар. Бас көлік инспекторы бұл бизнесте облыс бойынша жылдық айналым шамамен 4 миллиард  теңге құрауы мүмкін деп есептеп қойды. Егер қазір осы жердегі шағын бизнеске көмектеспесек, онда басқа аймақтан бизнесмендер келеді де, облыстық бюджет салық түріндегі көп ақшаны жоғалтатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

29 ақпан 2012, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.