Атырау, 24 қараша 02:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақсақал әкімді абыржытты

2 545 просмотра

Облыс әкімінің есебінен және басқа да оның ішінде мәжілісмен Асхат БЕКЕНОВТІҢ әкім атына мақтау жолдаған сөйлеушілерден кейін мінбеге күтпеген жерден белгісіз бір зейнеткер (суретте) шығып, Бергей РЫСҚАЛИЕВКЕ бірнеше өткір мәселелерге қатысты сауалын қоя бастады.

-Жайық өзенінің жағасына бір-біріне тығыз орналасқан коттедждердің салдарынан бару мүмкін емес, - деді ақсақал  облыс әкіміне  қарап.

Бергей Рысқалиев:

– Біз қазір дәл осы мәселені көтеріп жатырмыз. Сізге қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВКЕ жолығу керек.

– Мені анда-мында сілтеудің керегі жоқ (залдан күлкі естілді). Мен оған бірнеше рет және басқа да шенеуніктерге шағымдандым. Одан ештеңе шыққан жоқ. Соңғы жылда азық-түлік бағасы 20-30% өсіп кетті. Зейнетақыға жылына бір рет, онда да мардымсыз ғана үстеме қосылады. Қаладағы бағаны бақылауды облыстық және қалалық әкімдіктердің бірнеше шенеуніктері ғана жүзеге асырады. Олар үнемі белгілі бір сауда нүктелеріне барады да, баға тұрақты деп сендіреді. Ал, азық-түлік бағасы өсіп кетті. Бәлкім, сол шенеуніктермен бірге барып, сол қымбат сауда нүктелерін көрсетуім керек шығар?! Тағы бір проблема – кейбір азық-түлік өнімдерінің сапасыздығы. Мен ол туралы сіздің қол астыңыздағыларға жеткізгім келді, алайда, мені ешкім тыңдамайды, әкімдікке кіргізбейді.

-Біз әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасын үкімет белгілеген  бастапқы деңгейге  дейінгі бағасымен ұстап тұрамыз. Ал, қалған азық-түлік өнімдерінің бағасына шектеу қоюға біздің құқығымыз жоқ, - деп жауап берді әкім. Зейнеткерге сөйлеуге мүмкіндік берілгенімен, артынан одан мінбені босатуын сұрады.

Жиыннан соң ақсақалға жолыққанымда, ол өзінің есімін атаудан бас тартты. Ол тек өзін сөйлегеннен соң, облыс әкімі-мен жеке кездесуге шақырғандығын айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 ақпан 2012, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.