Атырау, 23 желтоқсан 09:57
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бәрін де - үйге. Зеңбірек оғын да

6 087 просмотра

27 ақпан күні  Махамбет ауданы, Жалғансай селосының тұрғыны Ғ.Қ. сол ауылдың елді - мекенінің қасында орналасқан сайдан тот басқан зеңбіректің оғын тауып алды.

Бізге Махамбет аудандық прокурорының көмекшісі Саид АЖМҰХАМЕДОВТЫҢ хабарлағанындай, азамат Ғ.Қ.жұмыс мәселесімен селолық әкімшілікке кетіп бара жатқан жерінен зеңбірек оғын жолдың бойынан тауып алып, ауласына апарып қойған. Содан соң бұл жөнінде аудандық ІІБ мен Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған.

Прокурорлар да бұл шаруа адамының бастапқы әрекетін түсінбеген. Дегенмен ол осы тауып алған  олжасының қауіпті екенін білмеген сыңайлы. Шамасы, «шаруашылық қажетіне жарайды» деп ойласа керек.

Қазіргі уақытта зеңбірек оғы жатқан аула қоршауға алынып, облыс орталығынан арнайы саперлар  шақырылған.

Соңғы түскен ақпарат бойынша, Атыраудан келген саперлар тот басқан снарядты өздерімен бірге алып кеткен. Оны қалаға әкетуі немесе далалыққа апарып жаруы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Cурет Махамбет аудандық прокуратурасынан жолданды

27 ақпан 2012, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.