Атырау, 2 желтоқсан 01:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ашық бюджет туралы оғаш сюжет

2 365 просмотра

«Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін анықтау жөніндегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Атырау бюджеті еліміздегі ең ашық бюджеттердің бірі деп танылды.

«ЖайықАқпарат» баспасөз клубындағы баспасөз конференциясында Орталықтың атқарушы директоры Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ ҚР-ның барлық 16 әкімшілік-аумақтық бірлікте-рінің зерттеу нысанына айналғанын әңгімеледі. Біздің облысымыз, басқа облыстар секілді, бюджет жобасын жасау ашықтығы, бюджет процесінің ашықтық деңгейі, бюджет ақпаратының ашықтығы мен қолжетімділігі секілді параметрлер бойынша бағаланды. Баллдық жүйе бойынша анағұрлым көп балл жинаған Қызылорда мен Атырау алдыңғы орынға шықты.

Ұ. Тінәлиевтің айтуынша, әр аймақта зерттеуге 3 тәуелсіз респондент тартылған. Жоғары оқу орнының студенті, бюджет мекемесінің қызметкері және облыс орталығының жұмыс істемейтін тұрғыны. Олар 93 сұраққа жауап берулері тиіс болды. Атырау облысы бойынша орталық есебін http://atyrau.gov.kz/economica/ru/grazhdanskij-byudzhet сілтемесі арқылы облыстық әкімдіктің сайтынан қарауға болады.

Ал мені біздің облысымыздың жоғарғы көрсеткіші таң қалдырды. Бірнеше ай бұрын облыстық мәслихаттан 2011 жылғы жергілікті бюджеттен жеңілдік санатындағы амбулаториялық науқастар үшін дәрі-дәрмектер сатып алу шығындарын бекіту туралы ақпаратты ала алмағаным есіме түсті. Сауалға жауап ретінде мәслихаттан хатымызда айтылған сұрақтар облыстық мәслихаттың бәленбайыншы нөмірлі шешімінде бейнеленген деген жауап келді. Оны интернеттен таба алмадық: облыстық мәслихаттың әлі күнге дейін өз сайты жоқ. Рас, іздеу жүйесі ww.zakon-online.com сайтына сілтеме жасады, ал ол ақылы ресурс боп шықты. Ол үшін оған жазылу керек екен. Бұл айтылып отырған жайт көптің бірі ғана.

Атыраулық зерттеуге қатысушылардың «Мәслихаттың тұрақты комиссиясы бюджетті немесе жеке бағдарламаларды қарауға байланысты мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша хаттамаларды жариялап отырады», «Әкімдік отырысында бюджет жобаларын қарауға жұртшылықты тарту процедурасы жүзеге асырылады», «Әкімдік пен мәслихат жұртшылықты жекелеген бюджет бағдарламаларына мониторинг жүргізуге және бағалауға тартып отырады», «Мәслихаттардың ревизиялық комиссиялары бюджеттің орындалуын бақылау туралы есептемелерді жариялайды» деген секілді бағандарға нөлдік баллдарды қоюы кездейсоқтық емес.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 ақпан 2012, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.