Атырау, 24 қараша 02:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нәтижесіз тексерулер

1 721 просмотра

Өткен жылы 23 қала мектебіне, 14 колледж бен лицейлерге және 24 балабақшаға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру жүргізілді. 257 заң бұзушылық анықталып, 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Әнуар БОРАШЕВТІҢ айтуынша, бұл шаралар нәтиже әкеле қоймайды. Мәселен, биылғы жылдың қаңтарында Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өткен жылы да тексеруден өткен №№22, 23 мектептерге, Ғ. Мұратбаев атындағы мектепке және Еркінқала поселкесіндегі музыка мектебіне тексеру жүргізіпті. Сөйтсе, ештеңе де жасалмаған екен, заң бұзушылықтар әлі жойылмаған.

Ал мектеп басшылығы қаржыландырудың жоқтығына сілтей-ді. Таяуда қалалық білім беру бөлімі қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өрт қауіп-сіздігін қамтамасыз етуге қаржылар бөлу туралы хат жолдады. Бәлкім осыдан кейін өзгеретін шығар.

Ә. Борашев хабарлағандай, 2008-2011 жылдар аралығында өрт қауіпсіздігі саласындағы заң бұзушылықтар үшін ауданаралық экономикалық сот арқылы 33 жалпы білім беретін нысандардың қызметі тоқтатылған. Енді прокуратура олардың сот шешімін орындауына қатысты тексеру жүргізеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 ақпан 2012, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.