Атырау, 28 қараша 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түрік тауары тәркіленді

2 218 просмотра

Атырау әуежайында Түрік азаматы контрабандалық тауардың ірі партиясымен ұсталды.

Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Жанар БАЙҒАЛИЕВА хабарлағандай, ерлер киімінің декларацияланбаған партиясын (жол сөмкелері мен бірнеше қораптарға салынған 93 костюм, 7 күрте мен 11 тонды)  «Әуежай-Атырау» кедендік бекетінің қызметкерлері «Стамбул-Атырау» бағытындағы №870 халықаралық әуе рейсі қонған кезде анықтаған. Тауар тәркіленіп, әрі қарай тексерілу үшін уақытша сақтау қоймасына салынды.

Сот-тауартану сараптама қорытындысына сәйкес, киім партиясының жалпы құны 3 миллион 15 мың теңге тұрады, бұл 1000 АЕК-тен асып кетеді. Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы («Экономикалық контрабанда») бойынша қылмыстық іс қозғалды

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 ақпан 2012, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.