Атырау, 28 қараша 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қаржы қоржынының құпиясы

3 961 просмотра

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялары: жергілікті ұйымдарға қанша үлес тиеді?

Коммерциялық емес ұйымдар ғана қатысатын ТШО-ның облыстық әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасына қаржы бөлу жөніндегі саясаты оларды алушылар тарапынан көп сынға ұшырап отыр. Шетелдік инвестор жобаны таңдаған кезде жұртшылықтың пікірімен санаспайды дейді үкіметтік емес ұйымдар. Ал ең бастысы – бюджет жөніндегі ақпарат жабық.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Линси КРЕЙНМЕН (суретте) кездескенде бірқатар жайттарды ашу үшін сауалдарымызды басқа қырынан қоюға тырыстық.

 

Инвестициялық ребустар

Өткен жылы ТШО әлеуметтік инвестиция бағдарламасын жүзеге асыруға 782 мың доллар бөлді. Бағдарлама операторы жергілікті ұйым ретіндегі ұстанымда қызмет ететін «Еуразия Орталық Азия» қоры боп табылады. Бұл қаржылар алты коммерциялық емес ұйымдарға бөлінді, олардың ішінде шетелдік ұйымдар да бар. Әр жобаға қанша қаржы бөлінетінін грантты ұтып алған жергілікті ҮЕҰ-дан біле алмадық. Олардың айтуынша, бюджет ақпаратын жария етуге құқықтары жоқ екен, инвестордың шарты сондай көрінеді.

– Әр жобаға нақты қанша қаржы бөлінеді? – деп сұрадым Линси Крейннен.

– Сізге қазір бұл соманы атай алмаймын. Өйткені келісім-шартқа сәйкес, бұл ақпарат құпия деп есептеледі. Әр тарапқа хабарласып, ҮЕҰ жетекшілерінен өз бюджеттерін атауға жазбаша рұқсат алуға тура келеді. Бұған бір ай уақыт кетеді. Қазір біз тек цифрларды пайызбен ғана атай аламыз.

– Бірақ «Еуразия Орталық Азия» қоры өз бюджетін жария етті ғой. Бұл тыйым санаулылылар үшін ғана тиесілі ме, әлде әрбіреуінде әртүрлі келісім-шарт жасалған ба?

– Барлығында келісім-шарт бірдей. Мәселе мынада: қор бюджет ақпаратын жария ете алатынына сенімді болған шығар, өйткені біз олардың жобаларын бірнеше жылға  ұзарттық. Болашақта мұндай жайттар туындамас үшін бізге келісім-шарттарды жасақтау процесін қайта қарауымыз керек деп ойлаймын.  

 

Жергілікті ҮЕҰ шетелдіктердің теңі емес

Қаржыларды пайызбен былайша бөліпті. Көп бөлігін үш ұйым алған: «Еуразия Орталық Азия» қоры - 32% немесе 250 мың доллар («Жылыой ауданындағы азаматтық қоғамды жақсарту бағдарламасы»), «IREX» – 31% («Ақпараттық технология ғасыры») және Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы – 22% (Жүрек-қан тамыры ауруларын азайту бағдарламасы).

Тағы үш жергілікті ҮЕҰ-ға келесі бағдарламалар бойынша 3%-дан үлес тиді: «Әлеуметтік осал топтағы балалардың мүмкіндіктерін дамыту», «Қазақ тілін дамыту» және «Жұмыссыз әйелдерге арналған декоративтік-қолданбалы өнер жөнін-дегі тренингтер».

– Төрт жыл бұрын әлеуметтік жобаларды қаржыландыра бастаған кезде, атыраулық ҮЕҰ-ға көп қаржылар бөле алмайтынымызды түсін-дік. Өйткені олар қаржыларды тиімді жүзеге асыруға дайын болмаған еді, - дейді Линси Крейн. - Өткен жылы, мәселен, Галина ЧЕРНОВАНЫҢ («Глобус» ҮЕҰ – С.Т.) экотуризм бағдарламасын жылы жауып қоюға тура келді, ол біздің кінәмізден емес.

 

“IREX-тің” шығындары

– Өткен жылы қанша шетелдік ҮЕҰ гранттар алды?

– Тек «IREX» қана. Онда «Ақпараттық технология ғасыры» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін бір шетелдік маман ғана бар. Бірақ оның Қазақстанда тұрғанына 8 жыл болды, қазақ қызына үйленген, балалары да қазақ тілінде сөйлейді. Яғни, біз көпшілік ойлағандай, ЦРУ агентін емес, сіздің еліңізге шынайы махаббатпен қарайтын жандарды жалдап отырмыз. 

Менен: Линси, неге бұл жобаға шетелдік ҮЕҰ өте көп тартылған деп жиі сұрайды. Мен оларға: қаржылардың көп бөлігі бәрібір осында қалады, ал егер мамандарды шетелден жеткізу  үшін  «Эйр Астананың» әуе билетінің құнын есептер болсақ, онда тіпті осы ақшаның өзі Қазақстанда қалады деп жауап бердім. Шетелдік мамандар әрі кеткенде 3-4 күнге келеді. Шетелдік ҮЕҰ-дың бұл жерде өз деңгейлерін арттырып, дамытып отырған  өз өкілдері бар.  

– Өткен жылы «IREX» жалпы бюджеттің 31%-ын игерді. Бұл шамамен 243 мың доллар. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржының нақты қандай бөлігі кетті, ал жалақыға, ұшу билеті мен басқа да шығындарға қаншасы жұм-салды?

– Біз шетелдік маман жалақысының 50%-ын жабамыз, бұл жылына 25 мың доллардай болады (айына 2 000 доллардан астам). Бұл сомаға бәрі кіреді. Қалған бөлігін «IREX» өзі жабады.

 

Британ елшілігінің «Жылыой ауданындағы ағылшын тілін дамыту бағдарламасына» қатысуы туралы:

- Ағылшын тілінің мұғалім-дерін өзімізге немесе мердігер ұйымдарға жалдағанда оларды өз жақтарыңа еліктіріп тартып отырсыңдар деп, балаларымыз ағылшын тілін білмегендіктен, жоғары оқу орнына түскен кезде ағылшын тілінен қалыс қалып қояды деп, Жылыой ауданы тұрғындары жиі шағым айта бастады. Сондықтан бұған британдық елшілікті тартуды ұйғардық. Өйткені олардың ағылшын тілі мұғалімін оқыту бойынша тәжірибелері мол. Енді осы бағдарламаға қатысатын шетелдік маман туралы: біз маманды Алматыдан шақырдық, тағы да оның еңбек ақысының белгілі бір бөлігін ғана төлейміз. Осы бағдарламаға қатысатын қалған қатысушылардың барлығы – қазақстандықтар.

 

CDC туралы:

– CDC – дүние жүзіндегі үздік ерікті ұйымдардың бірі. Ол аймақта еріктілер қозғалысын ұйымдастыратын болады. Бәлкім, біз олармен келесі жылы жұмыс жасайтын шығармыз.

– Біздің облысымызға еріктілер қозғалысы қаншалықты қажет? Жалпы, жобаның қажет екендігі қалай анықталады?

– Әлеуметтік мұқтаждықтарды зерттеу жұмысы 5 жылда бір рет жүргізіледі. Алғаш рет біз 2008 жылы бағалау жүргіздік. Енді оны 2013 жылы қайталауды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік зерттеуді «Сандж» (қазақстандық зерттеу орталығы – С.Т.) жүргізді. Олар тұрғындармен, әкімдік өкілдерімен сөйлесіп, фокус-топтар құрды, олардың мұқтаждықтарын сұрастырды. Содан соң қаржыны жергілікті тұрғындар анағұр-лым дені сау және білімді болуы үшін бағыттау керек деген тұжырымға келді.

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Биылғы жылы ТШО-ның әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасына жеті коммерциялық емес ұйымдар қатысады, оның екеуі шетелдік ұйымдар: Британ елшілігі («Жылыой ауданындағы ағылшын тілін дамыту бағдарламасы») және CDC («Еріктілер қозғалысының дамыту бағдарламасы»). Пайыздық ара қатынас бойынша қаржылар биылғы жылы былай бөлінген: Британ елшілігі - 22%, CDC, Еуразия Орталық Азия Еуразия және Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы – 19%-дан, «IREX» – 18%. Жергілікті екі ұйымға – НПК мен Қабдолов қорына 2%-дан үлес тиген.

 

«Мегаполис» ҚБ жетекшісі Наталья ИВАСКЕВИЧ:

– Мен ТШО-ға әлеуметтік бағдарлама жобаларына қатысуға ешқашан өтініш берген емеспін. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік инвестициялау жүйесінің өзі мен үшін ашық емес, бағдарлама мен оның басымдықтарының мәнісі түсініксіз. Бәрі соншалықты бұлыңғыр. Мәселен, білім беру дегенді түсінсек – мұғалімдерді қарапайым компьютер дағдыларына, қысқаша айтқанда, компьютерді қалай қосып, флэшканы қайда қосу керектігін үйретеді. Осы үшін бағдарлама жасақталып, шетелдік ҮЕҰ-дар тартылады, қомақты қаржылар бөлінеді. Мен үшін, айталық, бұл намысқа тиеді. Содан соң жылдан жылға белгілі бір жобалар қатыстырылады. Бәлкім, инвестордың ҮЕҰ-ды жобаларды талқылау кезеңінде шақырғаны жөн шығар. Мүмкін, ТШО белгілі бір әлеуметтік «ұяшықты» толтыратын шығар, бірақ жеткіліксіз ашық емес болар, одан тысқары жайттар да бар шығар. Қандай да болмасын баға беру үшін бағдарлама бойынша жауаптардан гөрі сұрақтар көп.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 ақпан 2012, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.