Атырау, 24 қараша 02:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұз үстіндегі толғақ

1 955 просмотра

Көктем жақын қалса да, биылғы қардың қалың түсуі әрі қатты бораннан жол қатынасының күрделенуіне байланысты Индер ауданында шалғай ауылдағы жүкті әйелдерді облыс және аудан орталығына жеткізе бастады.

Қазір Индер ауданында ресми тіркеуде тұрған болашақ  аналар саны әзірше 331-ге жетіп отыр. Осы уақытқа дейін шалғайдағы елді мекендерден 27 әйел Атырауға, 12 әйел Индерге жеткізілген. Ауа- райының құбылмалы болуына байланысты, қырдағы жүкті әйелдерді перзентханаларға алдын-ала жатқызу дәрігерлердің басты парызы болып отыр. Жақында санитарлық тікұшақтың арқасында қырдағы 80 шақырым жердегі бір келіншек жеткізіліп, сәбиін аман-есен дүниеге келтірді.

-Бір жағынан аяғы ауыр әйелдердің өзіне және болашақ сәбиіне немқұрайлы қарауы да кездеседі. Мәселен, Өрліктің қырынан 2 жүкті әйел санитарлық тікұшақпен Атырауға жеткізілген болатын. Соның бірі Атыраудан емделгеннен кейін төркініне кетіп қалыпты. Ал оның сәбиін босануына санаулы күндер қалған еді. Соңғы боранда толғағы келген әйелді төркінінен тауып, Жайықтың үстімен Индерге зорға жеткіздік. Келіншекті аман-есен босандырдық. Осындай қиындықтар туындамас үшін біз жүкті әйелдерді ұдайы назарға ұстап отырмыз,-дейді Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Анар ДОСПАЕВА.

Жылыой ауданында да жүкті әйелдер басты назарға алынған. Алыстағы елді мекенде тұратындар күні бұрын орталыққа жеткізілуде. Жылыой ауданы ауруханасының бас дәрігері Тахуадин ҚЫДЫРБАЕВТЫҢ мәлімдеуінше, бұл ауданда 1130 жүкті әйел есепке алынған, оның 275-і елді мекенде тұратын болып шықты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 ақпан 2012, 19:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.