Атырау, 24 қараша 03:08
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жазба - дәлел

2 078 просмотра

Бірі прокуратура қызметкері болып табылатын екі ер адамды соққыға жықты деп айып тағылған бұрынғы полиция қызметкері мен оның досына қатысты іс сараптама жүргізу мерзіміне орай тоқтатылды.

Естеріңізде болса, Атырау қаласы №2 соты бұрын облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарған Руслан МЫРЗАБАЕВТЫ және АМӨЗ қызметкері Еркін ЕШЛАНОВТЫ «Адам ұрлау» бабы бойынша ақтап, ал, қалған ҚК баптарын «Бұзақылық» бабына өзгерте отырып, оның екеуіне де шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура сот шешіміне орай, ҚР Жоғары сотына  наразылық келтірді. ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулысымен қадағалау наразылығы қанағаттандырылды, сот шешімі бұзылды, ал, қылмыстық іс жаңадан тергеуге жіберілді. (қараңыз. “АЖ» №2  12.01.12 - «Полицейге шығарылған үкім күшін жойды»).

Бізге облыс прокурорының қылмыстық-сот қадағалау жөніндегі  көмекшісі Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ хабарлағанындай, өткен аптада сот қалалық бейнекамералардағы бейнежазбалар негізінде қосымша портреттік сараптама жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жазбалар Мырзабаев пен Ешлановтың жәбірленушілерге бірінші болып бас салғандарының дәлелі болуы мүмкін (Мырзабаев сол күні өзінің ауырып үйінде жатқандығына сендіреді). 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 ақпан 2012, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.