Атырау, 24 қараша 01:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үміт пен күдік

1 860 просмотра

20 ақпанда облыстық әкімдікте алдағы су тасқынына дайындық жөнінде кеңес болып өтті.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Нұртас МҰХТАРОВ хабарлағандай, облыс бойынша515 километр қорғаныс бөгеттері бар екен. Оның 414 километрі теңіз жақтан көтерілетін судан қорғауға арналған. Қалғандары өзен жағалаулары бойынша орналасқан. 127 километр дамбы шұғыл жаңартуға мұқтаж болып отыр.

Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВТЫҢайтуынша, биылғы жылы су тасқыны 9 текше километр су көлемінде болады деп күтілуде, бұл норма шамасында. Бәрі де таудағы қардың еру қарқындылығына байланысты болады. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шаған мен Деркөл өзендерінің су тасқыны нормадан екі есе төмен болды. Алайда бүкіл су екі күн ішінде төменге қарай аққандықтан, ауқымды алаңды су басып қалған еді.

- Жылыой аудандарындағы Ембі мен Жем өзендерінде көктемде су ағысы көп болады деп күтілуде. Бір жағынан алып қарағанда, бұл жақсы. Көктемгі су тасқыны болмаса, Тайсойғанның артезиандық су қабаты тұзды және мал ішуге жарамсыз болады. Шоқпартоғай тұрғындарының шөп жеткілікті болу үшін мол суды күтетінін білемін.  Бірақ бұл су Құлсары қаласы арқылы өтеді. Сондықтан ол ешкімге ешқандай зиян келтірмейтіндей әрекет етейік, - деді су қызметкері.

«Казселезащита» Атырау филиалының қоры туралы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Болатбек ОМАРОВ әңгімеледі:

- Кәсіпорында 165 тонна топырақтың, 3 тонна арматураның,114 тонна құмның, 35 мың дана ыдыс-қаптардың қоры бар. Ірі кәсіпорындарда осы секілді қорлар жасауды ұсынамын. Бұл дамбылардың біреуі бұзылған жағдайда қажет болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 ақпан 2012, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.