22 ақпанда түнде Сырым Датов көшесінде ажал құштырған жол-көлік оқиғасы болды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, жол жиегінде автокөліктің дөңгелегін жөндеп жатқан үш ер адамға жандарынан өтіп бара жатқан «Лада» көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі ер адам оқиға орынында көз жұмса, біреуі өте ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Кінәлі адам оқиға болған жерден жасырынып үлгерген. Бірақ, таңғы сағат 5-тер шамасында анықталып, қолға түскен. Ол 2010 жылы жүргізушілік құқығынан айырылған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сараптама жүргізушіден масаюдың жеңіл дәрежесін анықтады. Тергеуді жол полициясының жауап алу бөлімі жүргізуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ