Атырау, 28 қараша 01:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Есмұратовтың есебі және тосын тағайындау

3 749 просмотра

Мереке ЕСМҰРАТОВТЫҢ аяқ астынан отставкаға кетуі  және мәслихат депутаттарының жаңа әкімді бекітуі, әдетте зеріктіріп жіберетін шара барысында - қала әкімінің есеп беруі кезінде орын алды.

Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ бұл жаңалықты хабарлаған кезде Құрманғазы атындағы Мәдениет үйіне жиналған актив қатты таң қалды. Есеп беру жиналысының қалған бөлігін Рысқалиев бұрынғы және жаңа - екі әкімнің қатысуымен өткізді.

Дегенмен, соңғы уақытта едәуір ашаң тартқан бұрынғы мэр осы лауазымда атқарған соңғы жыл ішіндегі жұмыстарына есеп беріп үлгерді. Сол есептен үзінді келтірейін.

Атап айтқанда, ол 2011 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар 129 млрд теңгеге дерлік өнім өндіргенін, өндіріс индексі өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға өскендігін хабарлады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 881,5 млрд теңге құраған, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 83,2 пайызға жоғары.

Инвестицияның негізгі бөлігі – 84,8% шетелдік инвестицияның еншісінде, қалған 9,3% – жергілікті шаруашылық насындарының қаржысы.

Бұрынғы әкім сонымен қатар өткен жылы қаланың электр энергиясымен және табиғи газбен 99,2%-ға қамтылғанын хабарлады. Пайдалануға 23,1 км жаңа су құбыры желісі беріліп, халық толықтай ауыз сумен қамтылған. Жыл ішінде барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен жеке тұлғалар 385 мың шаршы метр баспана құрылысын салған, оның 3 275-і пәтерлер. Соның ішінде бюджет қаржысына жалпы алаңы 34,9 мың шаршы метр болатын 14 коммуналдық үй салынды. Есмұратовтың айтуынша, өткен жылы Атырауда 31 апатты көппәтерлі үй күрелген. Ал сол үйлерде тұратын 307 отбасы жаңа пәтерлерге көшіріліпті. Болашағы жоқ деп танылған Пешной селосындағы 24 жеке үйдің бұрынғы тұрғындары да жаңа пәтерлерге қоныстандырылған.

Экс-әкім биыл қарқынды құрылыс жалғасады деп уәде берді. Нұрсая ықшам ауданындағы, Ерниязов, Құлманов және Сырым Датов көшелеріндегі 1,7 мың пәтерлік 31 үйдің құрылысы биылғы жылға жоспарланған.

Тағы бір өзекті мәселе – жер. Өткен жылы 3,7 мың адам жер учаскелерін алған, оның 1,8 мыңы – бюджет саласының қызметкерлері. Бұрынғы қожайындары пайдаланбаған 591 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Ауыл шаруашылығының жетістігі анағұрлым қарапайымдылау көрінді.

Есмұратовтың есебінен кейін және қалалық мәслихат депутаттары Керімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған соң, облыс әкімі мінберге шықты. Ол жаңа қала әкіміне және орын ауыстырмайтын әкім орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВҚА бірнеше тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жыл аяғына дейін қаланың барлық жаңа ықшам аудандарын асфальттауға, жылына 2 000-2 500 пәтер салуға тапсырма беріп, кезекке тұрушылар үшін баспана беру жөніндегі ақпаратты барынша ашық беруге шақырды. 

– Қазір баспана төңірегінде әңгіме көп. Биыл қанша пәтерді тапсыру жоспарланған?  1 700. Осы туралы адамдарға хабардар етіңіздер, оларға тізімді көрсетіп, мерізімін жариялаңыздар.

Көгалдандыру бағдарламасы бойынша:

– Бұл бүгінгі күндегі басты шаралардың бірі. Қала учаскелерге бөлінген, бәрі де компанияларға үлестірілген. Олармен жасалған келісім де бар. Әлеуметтік нысандар да сырт қалмауы тиіс. Бәрі де іске қосылуы керек.

Рысқалиев «Арнаулы автобаза» КМК жұмысына риза еместігін айтты. Оның айтуынша, ол қаланы қардан тазарту жұмысын орындай алмай келеді екен, ал өткен жылы бюджет қаржысына сатып алынған арнайы техника жыларман халде көрінеді.

- Арнаулы автобаза басшысы бар ма?! – Сол кезде Ә. Нұрлығожиев пен Арнаулы автобаза директоры Дулат ТҰРҒАМБАЕВ қатар орындарынан тұрды. – Осы үшін жауап бересіз, - деді әкім қатаң үнмен.

Қар басып қалған, ал күн жылынғаннан кейін суға кетуі мүмкін жеке сектордың ертеңі аса алаңдаушылық туғызып отыр.

– Бұл салмақты мәселеге айналуы мүмкін. Егер тұрғындардың үйі сақтандырылған болса, әңгіме басқа. Ал егер сақтандырылмаса, адамдар баспанасыз қалады. Мен бәз біреулердің суға кеткен жағдайда мемлекеттен көмек аламыз деп, өз аулаларын әдейі тазартпай отырғанын естідім, - деп мәлімдеді Рысқалиев. - Бірақ, олай болмайды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 ақпан 2012, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.