Атырау, 24 қараша 02:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұл ойыншық емес!

3 480 просмотра

Балабақшалар мен мектептердегі жаппай ереже бұзушылық ойыншықтарға сертификаттардың жоқтығы боп табылады.

Бұл туралы Атырау облыстық техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің директоры Лес БАЙМҰҚАШЕВ хабарлады.Жақында департамент мамандары облыстағы бірнеше балалар мекемесін, соның ішінде №№12, 21 мектеп жанындағы шағын орталықтарды, «Таңшолпан», «Аққайың», «Аққу» балабақшаларын тексеріп шығып, осы жерде қолданылатын қытайлық ойыншықтардың барлығының сәйкестік сертификаты жоқ екендігін анықтады. «Осы мекемелердің басшыларының айтуынша, 2010 жылы оларға ойыншықтарды тендерді ұтып алған бірнеше ЖК жеткізген. Олардың мұны сертификатсыз қалай жүзеге асырғанын білмеймін», - дейді Л. Баймұқашев.

Өткен жылы департамент 465 түрлі тексерулер өткізді. Олардың қорытындылары бойынша жалпы сомасы 2 млн теңгедей 52 айыппұл салынған. Жалпы құны 136 млн теңге болатын 152 өнім партияларын сатуға тыйым салынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 ақпан 2012, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.