Атырау, 11 маусым 19:22
 дождьВ Атырау +31.3
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Алматы әуежайында жолаушылардың қасына дәу құбырлар құлады

106 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Алматы халықаралық әуежайында қайғылы жағдай орын ала жаздады. Жолаушылардың айтуынша, тал түсте олардың дәл қасына үлкен биіктіктен ауыр құрылыс конструкциялары құлаған, деп хабарлайды Halyq Press.

Бүгін, 11 маусымда болған оқиға туралы мегаполис тұрғыны айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, әуе айлағы аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде биіктіктен дәу құбырлар үзіліп кеткен. Конструкциялар төмен қарай ұшып, адамдарға өте жақын жерге құлаған.

Әйелдің мәлімдеуінше, дәл сол сәтте құбырлар құлаған аймақта оның отбасы және басқа да ондаған жолаушы болған.

«Конструкция тура біздің үстімізге құлауы мүмкін еді. Сол сәтте қасымызда адамдар, соның ішінде кішкентай балалар мен қарт кісілер болды», — деп бөлісті алматылық әйел бастан өткерген қорқынышымен.
Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.