Атырау, 19 тамыз 14:05
 дождьВ Атырау +29.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

№2 Атырау қалалық соты Т.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық істі қарады. Анықталғандай, өткен жылдың 21 тамызына қараған түні Т.Б. бұрынғы сыныптасын Авангардтағы үйдің кіреберісінде кездестіреді. Басталған әңгіме ұрыс-керіс пен төбелеске ұласып, Т.Б. құрдасын бірнеше рет жұдырығымен бетінен ұрып, қылмыс орнынан кетіп қалады. Сот Т.Б.-ны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. 13 ақпан 2019, 11:45 2 629 рет қаралды
Ана болуға асықпа, қызым Басқа жаңалықтар

Ана болуға асықпа, қызым

Жылыой ауданында кәмелет жасына толмаған қыздардың жүкті болу фактісі көбейген. Аудандық аурухананың әйелдер консультациясының меңгерушісі Марат АЛДАБЕРГЕНОВТІҢ айтуынша, өткен жылы 18 жасқа дейінгі 36 қыз жүкті болған. Олардың біреуі 15 жаста, сегізі  16 жаста, қалғаны 17 жаста екен. 13 ақпан 2019, 10:15 3 329 рет қаралды
«Ескі Гурьевтің балшығы бізде» Басқа жаңалықтар

«Ескі Гурьевтің балшығы бізде»

Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауылішілік жолдарының күйсіздігін тұрғындар кезіндегі «атақты» Гурьев балшығымен теңестіреді. Аудан орталығы   топырағы тұзды, сортаң жерде орналасқан. Cәл жаңбыр жауса, ауыл іші ми батпаққа айналып, адамдардың аяғынан резеңке етік түспейді.  Сурет 13 ақпан 2019, 09:58 5 135 рет қаралды
Екі зауыт - бір заңды тұлға Басқа жаңалықтар

Екі зауыт - бір заңды тұлға

Алдағы екі айда Атырау облысындағы екі балық өсіретін кәсіпорын – Жайық-Атырау бекіре зауыты (Курилкино) мен Атырау бекіре зауыты (Еркінқала) бір заңды тұлғаға біріктіріледі. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ хабарлады. 12 ақпан 2019, 15:06 3 467 рет қаралды
Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды Басқа жаңалықтар

Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды

8 ақпанда Теңіз вахталық ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-тің 16 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезініп, Құлсарыдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін төртеуі ауруханаға жатқызылды. Толықтырылды 11 ақпан 2019, 20:34 3 086 рет қаралды
Интернетсіз бір күн Қоғам

Интернетсіз бір күн

Жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісінде Халықаралық интернетсіз бір күн (International Internet-Free Day) аталып өтеді. Атаулы күннің басты мақсаты – адамдар компьютер мен ғаламтордан, смартфондар, планшеттер мен ноутбуктардан бір сәт болса да ажырап, айналамен «тірілей» қарым-қатынас жасау. «АЖ» тілшісі де бұл күнді атап өтті, қалай болғанын назарларыңызға ұсынамыз.   Бейнежазба 12 ақпан 2019, 10:17 15 517 рет қаралды
Балық қуған балықшылар Басқа жаңалықтар

Балық қуған балықшылар

Жайықтан балық аулау қазіргі кезде биржада ойнаумен барабар. Қармақты үкіге салмас бұрын өзеннің қай жерінде қармақтың жақсы қабатынын сұрау үшін достарыңа қоңырау шалып алған жақсы. Жақсы жаңалық түскен бойда көлікке мінген жедел «бригада» сол жаққа аттанады. Сурет 11 ақпан 2019, 16:52 3 305 рет қаралды
Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер Басқа жаңалықтар

Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер

Қаңтардың аяғында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен сол қызметтің бөлімше бастығын пара алу кезінде ұстаған еді. Екі полиция офицеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшасы (қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 ақпан 2019, 16:02 4 577 рет қаралды
Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма? Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма?

Анам 5 баланы дүниеге әкелген, 30 жылдан астам уақыт мемлекеттік кәсіпорында кассир болып жұмыс істеді, қазір 52 мың теңге зейнетақы алады. Ол мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікті, бұл ақша – қазіргі үкіметтің мирас боп қалған берешектерін аз болса да тұрақты өтеп отырған ақшасы. Ал оның балаларының дәуірі нарықтық экономикаға тұспа-тұс келді. Біз өз зейнетақымызға өзіміз  қаражат тауып жатырмыз және зейнетақы жүйесін кезекті реформалау табалдырығында тұрмыз. Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: зейнетақы салығын төлеп отырған қазіргі ұрпақ қарттық кезеңі үшін сақтаған қаржысын ала алады ма? 11 ақпан 2019, 12:51 3 970 рет қаралды
Полиция бастығы тұрғындармен кездесті Басқа жаңалықтар

Полиция бастығы тұрғындармен кездесті

Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындарға есеп берді. Айта кету керек, біздің қаламызда полиция басшысы мұндай форматта алғаш рет есеп беріп тұр деуге болады: бұған дейін олар жиналыстарда тек әкімдер алдында, әрі кеткенде – сессияларда депутаттар алдында жауап беретін. «Халық шефпен кездесуге Қайрат Нұртастың концертіне келгендей лық толыпты ғой», - деді залда қатысып отырған учаскелік инспекторлардың бірі әзілдеп. Сурет 11 ақпан 2019, 11:23 3 714 рет қаралды
Атыраудағы қысқы марафон Қоғам

Атыраудағы қысқы марафон

Бүгін, 10 қаңтарда Атырауда тұңғыш рет «ICE RACE 2019» қысқы марафоны өткізіліп, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Негізі, марафон деген аты ғана болмаса, жүгіру облыстық әкімдік ғимаратынан басталып, жағалаумен АМУ-ге дейін барып, облыстық әкімдік алдына кері келіп, 4 шақырымға ғана созылды. Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2019, 17:48 3 309 рет қаралды
Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр Оқиға

Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр

Атырауда Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсанында қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Іс ҚР ҚК-тің 328-бабы (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша жүріп жатыр. 10 ақпан 2019, 13:09 4 383 рет қаралды
Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр Басқа жаңалықтар

Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр

Академик Мұфтах Диаров дабыл қағады Табиғи және антропогендік факторлардың әсерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, көлік шаруашылықтарының Жайық өзенін қорғауға салғырт қарауы, биліктің әрекетсіздігі салдарынан Жайық өзеніне болашақта апаттық ластану қаупі төніп тұр. 9 ақпан 2019, 22:11 3 974 рет қаралды
Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады Басқа жаңалықтар

Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады

2018 жылы Атырау облысында 323 өрт оқиғасы орын алып, 15 адам қаза тапты, соның ішінде біреуі - сәби. Биылғы жыл басынан бері мұндай 12 оқиға болып, 4 адам көз жұмды. Ал әлі күнге дейін 2018 жылдың 2 наурызында Қарабатандағы жұмыс жатақханасында болған өрт оқиғасын тергеу ісі әлі аяқталған жоқ. 9 ақпан 2019, 16:38 2 875 рет қаралды
Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды Басқа жаңалықтар

Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі жаңа құрылымын бекітті.  Соған сәйкес бұрын НКОК басқарушы директорының орынбасары болып жұмыс істеген Жақып МАРАБАЕВ «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары боп тағайындалды. 9 ақпан 2019, 11:05 5 706 рет қаралды
Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды Басқа жаңалықтар

Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды

№2 Атырау қалалық соты 19 жастағы А. Досмағамбетовке қатысты үкім шығарды. Ол өткен жылдың 22 қыркүйегінде қала сыртындағы Құрсай ауылында 37 жастағы ананы 3 жасар ұлымен қағып өлтіріп, 5 жасар қызға жарақат салған болатын.  8 ақпан 2019, 14:39 2 750 рет қаралды
Құстар сулы қамыс арасына ұя салады Басқа жаңалықтар

Құстар сулы қамыс арасына ұя салады

Жақында «Ақжайық» резерватына бардым. Өткен жылғы шілдедегі өрт іздері жаға ұстатады: Сасықөзекке апаратын жолдың оң жағындағы және қорық аймағын ортасынан бөліп тұрған едәуір аумақ түгел өртеніп кеткен. Алдағы көктемде жыл құстары қайда ұялайды? 7 ақпан 2019, 16:59 3 562 рет қаралды
«АЖ» қалай қызылшаға қарсы екпе іздеді? Басқа жаңалықтар

«АЖ» қалай қызылшаға қарсы екпе іздеді?

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің Атырауда қызылша вакцинасының дозасы жеткілікті деген мәлімдемесінен кейін «АЖ» тілшісі мұнайлы астананың бірнеше емханасына барған еді, шындығында ондағы жағдайдың көңіл көншітерлік еместігі анықталды. 7 ақпан 2019, 15:38 2 162 рет қаралды
Мен көп балалы Аналар үшін қайдан ақша алуды білемін Басқа жаңалықтар

Мен көп балалы Аналар үшін қайдан ақша алуды білемін

Мен біздің елімізде ана мамандық болуы тиіс екенін білемін. Бір бала туды-100 доллар бір ай, екіншісі-200 ал, тіпті бірінші өскен болса да. Үшінші балаға-300 доллар .Төртіншісі-төрт бөлмелі пәтер немесе 120 шаршы метр үй ал. Құрметті мемлекет атынан сыйлық . Бесінші бала-500 доллар . Және олай бұдан әрі.  6 ақпан 2019, 18:56 3 941 рет қаралды