М.Өтемісұлы атындағы Атырау академиялық драма театры бір жарым жылға созылған және 800 млн теңге жұмсалған қайта жарақтау жұмыстарынан кейін көрермендерге есігін айқара ашты.
Театр директоры Берік ЖӘМЕНОВТІҢ айтуынша, қазір ол жарықтандыру, акустика, сахна механизмдері бойынша барлық халықаралық стандарттарға сай келеді; атап айтқанда, штанкет - декорация элементтерін бекіту үшін пайдаланылатын арқандағы металл штангалар компьютерлік басқаруға көшірілген. Мұнымен Ресейден арнайы шақыртылған мамандар айналысқан. Сахнаның өзі, шеберхана, киімдер бөлмесі күрделі жөндеуден өткен.
Жаңарған сахнада ұлы жерлесіміз Махамбет туралы «Қош бол, Қарой!» қойылымының премьерасы өтті.
Айтпақшы, 29 мамырға дейін бұл жерде Нариман Ұлкенбайұлының туғанына 80 жыл толуына арналған республикалық халық театрларының фестивалі өтеді. Оған еліміздің әр аймағынан 8 театр қатысады. Қойылымдар күн сайын сағат 10, 12, 15 және 17 сағатта өтеді, кіру тегін.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суреттерді түсірген автор