Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы бөлім басшыларының бірі шаруа қожалықтарының басшыларынан мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында субсидия беруге оң шешім шығару үшін жүйелі түрде жалпы сомасы 200 мың теңгедей пара алып отырған деп күдіктелуде.
Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланған. Кінәсін мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық қамаққа алу қолданылмаған. Іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.
Жалпы елде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы және биылғы жыл басынан бері 199 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Жақында ғана Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «қарамағындағы қызметкері парамен ұсталса, мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек» деген пікірін айтқан еді.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА