Атырау, 24 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қане, дос болайық!»

Сурет Бейнежазба
3 596 просмотра


Өткен демалыста Атырауда қайырымдылық мақсатта иттер көрмесі өтті. Панасыз жануарларға көмек көрсететін атыраулық «Өмір сүру құқығы» тобы ұйымдастырған «Әр адамға бір иттен» деп аталатын көрмеге келушілер өздеріне ұнаған «жәдігерді» өздерімен алып кете алады. Мұндай жаңа форматтағы шара Атырауда ғана емес, бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр. Көрмеге түрлі уақытта мұнайлы астананың көшелерінен жиналған 15 төбет әкелінген. Қамқоршы еріктілер олардың қилы хикаялары жайлы ықыласпен әңгімелеп бергені соншалық, тыңдаған жұрт «О, Құдайым...» (экспаттар – «О май гад!») деп таңдай қағысты.

Көрмеге тек әлеуметтендірілген және ұрықсыздандырылған иттер ғана әкелінген. Олар жылы шырайлы жандарды қаппайды, басқа төрт аяқтылармен төбелеспейді, тектен текке абаламайды. Асырап алғысы келетін жан өзінің байланыс деректерін қалдырып, ай сайын еріктілерге сурет немесе бейнежазба жіберіп, есеп беруі тиіс. Содан соң оларға тегін азық беріледі.

Әр итке «Үйге барғым келеді» деген жазуы бар шүберек байланған. Өздеріне ие табуға бұл жазу ғана емес, мақұлықтардың сүйкімділігі де көмектесті. Айта кету керек, иттерді тікелей атыраулық «Өмір сүру құқығы» панажайынан да алуға болады.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

27 мамыр 2019, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.