Атырауда алғаш рет «Motor West – 2019» автошоуы ұйымдастырылды. «Салтанат сарайы» жанындағы көрме орталығында Атырау мен Батыс Қазақстанның басқа өңірлерінен 50-ден астам көлік көрсетілді. Сондай-ақ, мұнайлы астананың ең керемет 15 мотоциклі ұсынылды. Айтпақшы, қала тұрғындары мотоцикл иелері жергілікті байкерлер екенін таныды.
Бұл жерден алып «Хаммерді» де, баппен ұсталған сары «копейка-Жигулиді» де көруге болады. Бұл көліктің шыққанына біраз жыл өтсе де, қала көшелерінде зымырап жүр. Бұл сияқты көліктер жеткілікті.
Ал керемет шетелдік көліктің иесі Илья автосүйер әріптестерімен тілдескеніне қуанды:
- Маған лед-шамдар орнатуға кеңес берді. Рас, зауыттық құрылымында олар қарастырылмаған, жол полициясына мақұлдатып алу керек шығар. Көрерміз...
Автошоу «Салтанат Сарайы» жанында шоуға қатысушылар ұсынған дрифтпен және басқа да көріністермен аяқталды. Шамасы, осыдан екі жыл бұрын шетелдік маркалы көлік осы ғимараттың табалдырығынан «ұшып барып» бағанаға соғылған жағымсыз оқиға қайталанбас үшін шығар, алаң дөңгелектермен қоршалыпты.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор