Атырау, 24 қараша 20:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оқу жылын аяқтауға асыққан

Сурет Бейнежазба
7 823 просмотра


24 мамырда, «соңғы қоңырау» қарсаңында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА мектеп директорларымен жиналыс өткізді. Атап айтқанда, ол оқу жылын ертерек аяқтауға асыққан мектептерге қаһарын төкті.

- Білім беру министрлігінің бұйрығы бар, онда мектептерде сабақтың 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталатыны анық айтылған. Бірақ мен кеше Атыраудың кейбір мектептерінде болдым. Бәрі сабақ процесін 21 мамырда тоқтатқан. Бәріне жылдық баға қойылып, табель берілген. Енді жазғы жөндеу жұмыстарына әзірленуде. Бірақ олай етуге болмайды! Тәртіп қайда? – деп наразылық білдірді Төремұратова.

Мектептерге бюджеттен аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін киім сатып алуға қаржы бөлінеді. Сызба мынадай: мектеп әкімшілігі тендер жариялайды, оны ең төмен бағаны ұсынған кәсіпкер ұтып алады.

- Егер баға төмен болса, тиісінше, сапалы болуы неғайбыл. Арзанқол нәрселер әкелмес үшін бақылауға алу керек. Сатып алынған киім балалардың өлшеміне сай келмей жатады, сонда ақша желге ұшты деген сөз. Бұған жол беруге болмайды, - деді Төремұратова.

Жазғы профилактикалық жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғалды.

- Бұған бюджеттен қаржы бөлінеді, бірақ кейбір ата-аналардың өздері материалдық көмек көрсетуге ниет білдіреді. Олардың ақшасын мұғалімдер қалталарына салады деп ойламаймын, - деді Төремұратова. Директорлар мақұлдап қол соқты. – Бірақ! Егер мұнымен ата-аналардың бәрі келіспесе, бұл көмектен бас тарту керек.

Білім беру басқармасының бөлім бастығы Ақкенже ИСАМБЕРГЕНОВАНЫҢ айтуынша, Атырау облысында мектепке дейінгі сыныптарға арналған кабинеттер жетіспейді.

- Олар үшін алаңдар жоқ дейді, бірақ кейбір оқу орындарында директорлардың кабинеттері өте үлкен, оған қоса қабылдау бөлмелері бар, - деді Төремұратова. – Осы орындарды мектепке дейінгі сыныптарға беріңіздер, біз балаларды мектепке дайындауға тиіспіз.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің басшысы Айдана БАЛАШЕВА жақында болған мониторинг нәтижелері туралы әңгімеледі. Мәселен, Қызылқоға ауданындағы бірқатар мектептің директорлары өз кабинеттерін факультативтік сабақтарға бергені туралы есеп берген. Бірақ бұл жалған болып шықты. Ж.Төремұратованың айтуынша, оларға қатаң шаралар алынатын болады. Тағы бір факт: мұғалімдер мүгедек балалардың үйлеріне барып, сабақ оқыттық деп жалақы алған, іс жүзінде оқытылмаған. Осы фактілер бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

2019 оқу жылында Атырау облысының мектептерін 123 мыңнан астам адам бітірген, оның 5133-і – түлектер.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

25 мамыр 2019, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.