Атырау, 24 қараша 20:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тауарыңызды кері алыңыз

Бейнежазба
2 919 просмотра


«Ұлттық сараптау орталығының» Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлері «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясын өткізді. Олар өз жабдықтарымен «Сарайшық» базарына келіп, өсімдік өнімдерін сатып алған адамдарға құрамында нитраттың бар-жоғын тексеруді ұсынды. Тексергісі келгендер көп болды. Көпшілігі сараптамадан кейін тауарларды сатушыларға қайтарып берді.

Атап айтқанда, банан, картоп, жуа, сарымсақтан нитраттар нормасының асқаны анықталды.

Мандарин құрамында (нормасы 60 болғанда 175 мг/кг), шабдалыда (нормасы 60 болғанда 253 мг/кг) және алмұртта (нормасы 60 болғанда 84 мг/кг) да нитрат көп болып шықты.

Орталық мамандарының айтуынша, мұндай тексеру акциялары ай сайын өткізілмек.



Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Сараптау орталығының филиалы ұсынған сурет

27 мамыр 2019, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.