Атырау, 15 наурыз 16:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы

Атыраудағы 114 көпқабатты тұрғын үйде 266 жеделсаты болса, олардың 26-сы ауыстыруды қажет етеді. 7 аудандағы ауылдық елді мекендердің 79,2  пайызы орталықтандырылған ауыз су және көгілдір отын желісіне қосылған. Осы және басқа да цифрлар туралы барысында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 21 қараша 2018, 16:29 2 560 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

«GEOENERGYGROUP» ЖШС-гі қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды

2018 жылдың желтоқсан айының 21 жұлдызында «GEOENERGYGROUP» ЖШС-гі «Қаратон Восточный» және «Қаратон Сарқамыс» (Ақнияз, Атанақ, Тәжіғали) кен орнындарында 3Д-МОГТ сейсмобарлау жұмыстарына қоршаған ортаға әсерін  бағалау» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: «GEO ENERGYGROUP» ЖШС-нің акт залы. Сағат 15.00-де. Мекенжайы: Атырау қ., М.Темірханов көшесі, №3. Барлық ұсыныстар мен ескертулер le_group@mail.ru  поштасы арқылы қабылданады, сондай-ақ осы мекенжай арқылы мәліметтердің электрондық нұсқасын сұратуға болады. PR 21 қараша 2018, 15:18 2 041 рет қаралды
Атырауға «еуроконтейнерлер» келді  Басқа жаңалықтар

Атырауға «еуроконтейнерлер» келді

Атырау әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Арнаулы автобаза» ЖШС үшін, баспасөз хабарламасында айтылғандай, еуропалық стандарттарға сай келетін 222 қоқыс контейнерін сатып алған. Олардың 120-сы қалаға жеткізілген, қазір оларды орнатуға әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. «AЖ» тілшісі жаңа «озық» бактардың бұрынғылардан несімен ерекшеленетінін анықтаған еді. Сурет 21 қараша 2018, 11:50 2 600 рет қаралды
Құм карьерлерінің ұрылары Басқа жаңалықтар

Құм карьерлерінің ұрылары

Бұдан он жыл бұрын аудан орталығы Құлсары қаласынан екі шақырым жерден белгісіз біреулер заңсыз топырақ алып, үлкен карьер жасаған. Осы жерден әлі күнге дейін «жасырын» топырақ алады екен. Жергілікті билік бұл «Құлсары - Теңіз» су құбырын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің ісі екенін анықтап, қолдарынан келгенше күресіп келеді. Сурет 21 қараша 2018, 10:42 3 237 рет қаралды
Мақатта мал бағатын жер жоқ Басқа жаңалықтар

Мақатта мал бағатын жер жоқ

Негізгі табысы мұнай өндірісімен байланысты Атырау облысы Мақат ауданында ауыл шаруашылығын дамыту жайылым жерлердің аздығы, көп жерлердің сортаңдығына байланысты қиын болып отыр. Елді мекендерге жақын құнарлы жайылым жерлер бар. Алайда бұлар көрші Қызылқоға ауданына тиесілі. «АЖ» тілшісіне хабарласқан бір топ шаруалар осы жер мәселесін көптен шеше алмай келе жатқандарын айтады. 21 қараша 2018, 10:07 2 707 рет қаралды
Жас гимнастшылар «Атырау» көрермендерін тәнті етті Спорт

Жас гимнастшылар «Атырау» көрермендерін тәнті етті

18-19 қарашада «Атырау» ДСК-де көркем гимнастикадан  облыстық «Каспий жұлдыздары» ашық чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жас спортшы қыздар қатысып, 2003-2014 жылғы қыздар А, В, С санаттарында өнер көрсетті. Құрал-саймандарын түсіріп алған, құлап қалған сәттер, реніш пен қуаныштың көз жастары да болды - әсіресе, ең кішкентайлар арасында. Әрине, көпшілік алдына шығудың өзі оңай емес, дегенмен де, олар толқыныстарын жеңіп шығып, көрермендерге өте әдемі әрі әсерлі көрініс сыйлады. Сурет Бейнежазба 21 қараша 2018, 12:20 6 196 рет қаралды
«Кооперация» операциясы: шаруа үйлеспеді Басқа жаңалықтар

«Кооперация» операциясы: шаруа үйлеспеді

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ауылшаруашылық кооперациялары туралы» заң күшіне еніп, ауыл тұрғындары мемлекеттен субсидия алып, ұжымдарға біріп, заңды тұлғаларға айналды. Алайда араға үш жыл салмай сол кезде Атырау облысында құрылған кейбір кооперативтер жұмысын тоқтата бастады. Сурет Бейнежазба 21 қараша 2018, 10:22 3 167 рет қаралды
«Қазақ іздеп жүрмін» Қоғам

«Қазақ іздеп жүрмін»

Осындай ерекше атаумен Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халыққа айтыстың жанашыры әрі ұйымдастырушысы ретінде таныс, ақын Жүрсін ЕРМАНННЫҢ шығармашылық кеші өтті. Сурет 21 қараша 2018, 10:57 2 895 рет қаралды
“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы Қоғам

“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы

Редакцияға ұзақ уақыттан бері өз баспанасы болса да, көшеде түнеп жүрген көршісінің тағдырына алаңдаған Авангард 3-ші ықшамаудандағы №36 үйдің тұрғыны хабарласты. Бірақ оның пәтерінің темір есігі... электрмен дәнекерленген екен. «AЖ» тілшісі ер адамның өзі үйіне қалай кіре алмайтынын және оның қалай болғанын анықтап білді. Сурет 20 қараша 2018, 21:31 3 702 рет қаралды
«Біздің кінәмізден бүлінбесе де, жаяужолдарды қалпына келтіреміз» Басқа жаңалықтар

«Біздің кінәмізден бүлінбесе де, жаяужолдарды қалпына келтіреміз»

Проблемалық материалды жариялағаны үшін «Ақ Жайыққа» алғысымызды білдіреміз. Бірақ осы мәселе бойынша өз көзқарасымызды да білдіргіміз келеді. Өйткені материал тақырыбы мен материалдың өзі біржақты сипатта жазылыпты. Жарияланым авторы, өкінішке орай, бізге бұл мүмкіндікті бермеді. Ал жарияланымда көрсетілген әрбір фактіге қатысты біздің объективті пікірлеріміз бар. 21 қараша 2018, 11:05 2 472 рет қаралды
Беймаза Alex атай Басқа жаңалықтар

Беймаза Alex атай

«Қымбатты, Фархат! Сіздің атаңыз мистер Alex-тің ұзақ науқастан кейін Лондон хосписінде көз жұмғанын қайғырып хабарлаймыз. Мистер Alex сізге 12 миллион доллар мұра қалдырды...». Менің электрондық поштама хат жолдаған әлдебір адвокаттың айтуынша, олар мені  жер жүзінен ұзақ іздеп, әзер тапқан. Енді мен төлқұжатымның көшірмесін, банк шотымның нөмірін және ақша аударылатын банк туралы барлық мәліметтерімді жіберуім керек екен. 21 қараша 2018, 10:12 2 161 рет қаралды
Атырауға Америка елшісінің міндетін атқарушы келді Басқа жаңалықтар

Атырауға Америка елшісінің міндетін атқарушы келді

Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі және АҚШ елшісі міндетін атқарушы Теодор ЛИНГ Атырауға ресми  сапармен келді. Естеріңізге салсақ, АҚШ елшілігі жаңа тұрақты Төтенше және Өкілетті Елшінің тағайындалуын күтіп отыр. Бұл орынға Уильям МОЗЕР ұсынылды, бірақ оның кандидатурасын АҚШ конгресі мақұлдауы керек. 20 қараша 2018, 22:04 2 157 рет қаралды
3 теңгелік «Сүйінбай» есіңізде ме? Басқа жаңалықтар

3 теңгелік «Сүйінбай» есіңізде ме?

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды. Атырау тұрғындары арасында жүргізілген «алғашқы теңге есіңізде қалды ма?» деген шағын сауалнама нәтижесінде көпшілігінің алғашқы теңгені сағынатынын, ал кейбіреулердің айналымнан шығарылған банкноттар мен монеталарды әлі күнге дейін сақтап жүргені белгілі болды. Мысалы, қала тұрғыны Игнат ЧЕРНЯХОВСКИЙ бес жасынан бастап коллекция жинайды екен. Сурет 20 қараша 2018, 14:54 7 458 рет қаралды
Қария қалта ұрысын әшкереледі Басқа жаңалықтар

Қария қалта ұрысын әшкереледі

12-19 қараша аралығында Атырау облысында 76 қылмыс жасалды, олардың 73-і Атырау қаласында орын алған. Қылмыстық хроникада ұрлық (48) пен алаяқтық (9) көш бастап тұр. Полицияға 13 қарашада Индер ауданының Өрлік ауылында және 14 қарашада облыс орталығының Алмагүл ықшамауданында екі зорлау қылмысы жасалғаны туралы хабарланды. 20 қараша 2018, 11:54 2 380 рет қаралды
Мұз астына түскен баланы құтқарып қалды Басқа жаңалықтар

Мұз астына түскен баланы құтқарып қалды

16 қарашада Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылында Бақсай өзегінде алғаш қатқан мұз үстіне ойнауға шыққан бала суға түсіп кетеді. Абырой болғанда, жақын жерде адамдар болып, құтқарып қалған. 20 қараша 2018, 11:03 3 210 рет қаралды
Журналмен бірге жер алу өтініштері де жанып кетті Басқа жаңалықтар

Журналмен бірге жер алу өтініштері де жанып кетті

«Атыраудың мыңдаған тұрғыны жер алу өтініштері тіркелген журналды жоғалтып алған шенеуніктің салақтығы салдарынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу мүмкіндігінен айрылды», - деп хабарлады кейбір республикалық сайттар. «Иә, журналдың жоғалғаны рас, бірақ мыңдаған адам емес, 229 қала тұрғынының өтініші», - деп «AЖ»-ға түсінік берді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ. 20 қараша 2018, 10:56 2 872 рет қаралды
Атырауда жастар саябағының құрылысы басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда жастар саябағының құрылысы басталды

Атырауда Жайықтың оң жақ жағалауында тұрғындардың серуендеуіне арналған жастар саябағының құрылысы басталды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВТЫҢ айтуынша, құрылыстың аяқталуы 2020 жыға жоспарланған. 19 қараша 2018, 16:28 2 766 рет қаралды
14-маршрутта жолаушылар көп Басқа жаңалықтар

14-маршрутта жолаушылар көп

Атырауда автобус жүргізушілері мен кондукторларының жалақысы көтерілді: жүргізуші жол жүру ережесін бұзбаған жағдайда айына 300 мың теңге табыс таба алады. Журналистер қала маңындағы қалалық автобустардың тұрақ-базасына баспасөз туры барысында осы және басқа да мәселелер туралы хабардар болды. Бейнежазба 19 қараша 2018, 16:09 3 357 рет қаралды
Атыраудағы жарық тарифі: қаласаң да, қаламасаң да - төмендету керек Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жарық тарифі: қаласаң да, қаламасаң да - төмендету керек

16 қарашада «Атырау Энерго Сату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВ баспасөз турының барысында журналистердің сауалдарына , атап айтқанда, 20 қарашадан бастап тұрғындар үшін электр энергиясының тарифін төмендету туралы сұрақтарына жауап берді. 17 қараша 2018, 23:19 2 134 рет қаралды
Атырау облысының бас балық маманы тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысының бас балық маманы тағайындалды

Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Артур САДЫБЕКҰЛЫ тағайындалды. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы басқармасы үш дербес - ауыл шаруашылығы, ветеринария және балық шаруашылығы басқармалары болып қайта құрылған еді. Алғашқы екеуіне басшылар дереу тағайындалса, үшінші басқармада бүгінгі күнге дейін бұл орын бос болды. 17 қараша 2018, 14:06 4 363 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директорының ісі: орынбасар ант берді, бірақ ештеңе есінде жоқ Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директорының ісі: орынбасар ант берді, бірақ ештеңе есінде жоқ

15 қарашада Атырау қалалық №2 сотында «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВ пен тағы 3 фигурантқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасты. Куәгер ретінде ЖШС директорының орынбасары Қимеден ШМАНОВ сөз алды. Бастапқыда ол, әдеттегідей, ҚР Конституциясымен ант берді («тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін»), дегенмен төрағалық етуші судья Дәуренбек ДАУМОВ жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын бірнеше рет ескертті. 16 қараша 2018, 16:49 2 259 рет қаралды