Атырау, 19 тамыз 01:54
 дождьВ Атырау +24.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Электр қуаты бір аптадай кезекпен өшіріледі

4 546 рет қаралды


«Атырау Жарық» АҚ 2019 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында электр энергиясын қоректендіретін орталықтарда ажырату шарасы орын алуы мүмкін екендігін Атырау облысы тұрғындарының қаперіне береді. 

Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанының №2 энергетика блогын жөндеуге шығаратындықтан біздің өңірімізге электр энергиясы қуаты жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі. 

Қуат тапшылығы туындаған жағдайда «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясымен қоректендіретін орталықтардан  2, 3 сағат аралықпен кезектесе ажыратуға мәжбүр болады. 

«Атырау Жарық» АҚ электрмен жабдықтау қызметінде орын алатын үзілістер үшін кешірім сұрайды және мұндай үзілістерді қысқа мерзімде жоюды міндетіне алады.

6 желтоқсан 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.