Атырау, 23 сәуір 19:48
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Тоқ соққан электр маманын Алматыға алып кетті

4 265 просмотра


Жақында «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік базасынан ірі көлемді жүкті тасымалдау кезінде тоқ соғып, күйік алған 20 жасар электр маманы өткен түнде авиарейспен Алматы қаласындағы клиникалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

- Құдайға шүкір, ұлым тірі қалды. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, қолдарында бірнеше саусақ кесілуі мүмкін. Оған дейін жетпесе екен деп тілеймін, Сағындық жаңа ғана жиырмаға келіп жатыр ғой, - деп қиналады анасы Ақкенже ШАЛТАЕВА көзіне жас алып.

Облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жиған Сағындық барлығы қалай болғанын айтып берді. Сымдарды бөлшектеу үшін жоғарыға жібермес бұрын оған желі тоқтан ажыратылды деп хабарлаған. Алдымен ол бір сымды ұстаған, одан кейін не болғаны есінде жоқ.

Сағындық – «Атырау Жарық» АҚ қызметкері.

- Қазір кінәлілерді анықтайтын тергеу жүргізілуде. Біз қандай да бір жауапкершіліктен бас тартпаймыз, барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Анасымен үнемі байланысып отырмыз, алдағы уақытта да көмек көрсетеміз, - дейді «Атырау Жарық» АҚ-ның бөлім бастығы Ғабиден ҚАНАТОВ.

- Қалай ойлайсыз, қай жерден қате кетті?

- Біздің қызметкеріміз тұтыну желісіне қызмет көрсетпеуі тиіс еді. Бізден ешқандай нұсқаулар мен өкімдер берілген жоқ. Сағындықты тоқ тартқан кезде қасында оның  шебері болды. Жүкке тапсырыс беруші Компания барлық энергия тұтынушыларын – заңды тұлғаларды ескертуі тиіс болатын.

Келесі аптада Сағындыққа оңтүстік астанада ота жасалады. 

Фархат ӘБІЛОВ

6 желтоқсан 2019, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.