Атырау, 29 наурыз 13:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

3 670 просмотра

КІР ТАСЫН КӨТЕРУ


№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында Атырау қаласының чемпионаты өтті.

Өз салмақ дәрежесінде Азамат Смағұлов, Анатолий Ким, Асылхан Сайын және Данияр Сәрсенов, қыздар арасында Жанна Сатыбалдиева үздік болды. Мұнда спорт ардагері Евгений Михайлович Ухов 24 келілік кір тасымен өзінің жаңа рекордын орнатты: 30 минут ішінде ол сол қолымен снарядты 256 рет, ал 40 минутта оң қолымен 305 рет көтерді.


КИКБОКСИНГ

Түркияның Анталия қаласында әлемнің 63 елінен 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтті.

60 келіге дейінгі салмақта ҚР құрамасында атыраулық Жандос Назарбеков қазіргі әлем чемпионы мәртебесін қорғап қалды. Марокко, Норвегия, Қырғызстан өкілдерін басымдықпен жеңіп, финалда Украинадан келген қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

 

БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Нұрсұлтанда 18-20 жастағы жастар арасында әлем чемпионаты өтті. 82 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Нұржан Байбосынов турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ол финалға дейін Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан өкілдерімен белдесіп, 3 мәрте жеңіске жетті. Бірақ шешуші жекпе-жекте Түркіменстан балуанына есе жіберіп алды.

Бұл атыраулық палуандардың халықаралық алаңдағы алғашқы жетістігі емес. Қарашаның басында Қазан қаласында ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп, онда Амандық Абылай қола жүлдегер болған еді.


ТАЭКВОНДО

Нұр-Сұлтанда балалар арасында таэквондодан (WTF) Корея Республикасы Елшісінің кубогы өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Атырау қалалық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 8 алқа алды: алтын алқа - Алина Болат пен Іңкәр Бозжігіттің, күміс алқа - Бекнұр Бақтыгерей мен Әсем Орынбасарованың, қола алқа - Айжан Өтегенова, Айзада Сағындықова, Әсел Қонысбай және Зере Отарғалидың еншісінде.

* * * * *

Атырауда 2003-05 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат ұйымдастырылды.

№1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы тамаша өнер көрсетті. Әли Жұмабай, Ангелина Гапотченко, Әсем және Айдос Орынбасаровтар, Есбол Елеусінов, Әбдурахим Орысбаев, Алина Жұмабаева, Асылай Жасенова, Махамбет Нығметолла, Лаура Мұхтарова және Динара Меңдіғалиева жүлделі орындар алды.


ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Алматыда атыраулық спортшы Бекхан Алданов Олимпиада чемпионы Шәміл Серіковті еске алуға арналған республикалық турнирден алтын жүлдемен оралды.

Жас жеңімпазды Ербол Тілепов дайындады.


ЕРКІН КҮРЕС

Атыраулық палуан Нұрдәулет Сейілбеков Алматыда 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Ұлағат Жұмаханұлы Өтековке арналған республикалық турнирде қола жүлдені жеңіп алды.  

Жас талантты Данияр Хабдулов жаттықтырады.

* * * * *

«Атырау» ДСК-де 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақ КСР спорт шебері А. Батырқайыровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Дағыстан, Шешенстан және Қазақстанның көптеген облыстарынан 100-ден астам бала қатысты. Өз салмақ дәрежесінде атыраулық спортшылар Айдын Бекбаев, Ілияс Асланұлы және Тұрар Төлегенов жарыс жеңімпаздары атанды.


ДЗЮДО

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2005-07 жылғы жасөспірімдер арасында еңбек сіңірген жаттықтырушы А.Раушановтың 55 жылдығына арналған республикалық турнир өтті.

Жарысқа Ресейден және Қазақстанның көптеген облысынан 200-ден астам спортшы қатысты. Атыраулық қатысушылардан Дәмелі Асылханова, апалы-сіңлілі Мәдина мен Адина Есеновалар, Әсел Русланова, Жаңылсын Мұхатова, Қатима Базарқызы және Айым Муньянова табысқа жетті.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 желтоқсан 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.