Атырау, 15 наурыз 16:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме? Басқа жаңалықтар

Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме?

Белгісіз себептермен өлген голштин-фриз  асылтұқымды сиырларын зерттеу үшін Венгрия мен Ресейден арнайы мамандар шақыртылған; билік Сартоғайдағы алма бақтарын жаңғыртуға үлкен көңіл бөліп отыр - осы және өзге де жаңалықтармен брифингте Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ бөлісті. 30 қараша 2018, 10:06 3 692 рет қаралды
Басынан теуіп өлтірген Басқа жаңалықтар

Басынан теуіп өлтірген

№2 қалалық соты ҚР ҚК 106-бабының 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Б.-ға қатысты үкім шығарды. Тергеу барысында анықталғандай, биылғы көктемде екі қала тұрғыны сөзге келіспей қалып, соңы төбелеске ұласып,  Б. қарсыласын басынан тебеді. Кейінірек ол жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. 29 қараша 2018, 17:27 3 171 рет қаралды
Алғашқы тайғақ Басқа жаңалықтар

Алғашқы тайғақ

Күздің соңғы күндерінде мұнайлы астанада таңертең тайғақ салдарынан кептеліс пайда болды. «Арнаулы автобаза» ЖШС ақпараты бойынша, қазір Атырау көшелеріне 28 техника, соның ішінде 10 тазалағыш трактор мен 5 қосалқы құрылғылы КамАЗ көлігі жұмылдырылған. 29 қараша 2018, 17:20 3 092 рет қаралды
Ауруханаға қайықпен барады Басқа жаңалықтар

Ауруханаға қайықпен барады

Атырау облысы  Құрманғазы ауданы бойынша 19 округте 31 медициналық мекеме бар. Алайда шалғай жатқан ауылдарда дәрігерлер жетіспейді. «АЖ» тілшісі осы өңірдегі халыққа медициналық қызмет көрсету жағдайымен танысты. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2018, 10:00 6 617 рет қаралды
Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің? Басқа жаңалықтар

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің?

«АЖ» тілшісі Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының ұлттық үйлестірушісі Альберт СӘЛІМГЕРЕЕВКЕ бірнеше сұрақ қойып, қазақ даласының жоғалып бара жатқан байлығы - киіктер туралы сөз қозғады. Алайда, Сәлімгереев оң үрдістерді де атап өтті. 27 қараша 2018, 16:55 10 285 рет қаралды
Біз білмейтін едік Басқа жаңалықтар

Біз білмейтін едік

Жыл басынан бері мониторингтік топ «жасырын тұтынушы» әдісі арқылы атыраулық ЖОО-лар мен колледждерде оқу және түсуде орын алатын көптеген жемқорлық фактілерді анықтады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ мәлімдеді. 27 қараша 2018, 12:27 3 341 рет қаралды
Индерге бизон келмейді Басқа жаңалықтар

Индерге бизон келмейді

Индер ауданында экспортқа ет шығару үшін америкалық бизондар да, француз парфюмер фабрикалары үшін лаванда да өсірілмейді. Сондай-ақ, күн электр станциясы мен үлкен жылыжай да салынбайтын шығар. Осы мақсатқа берілген жер мемлекетке қайтарылады. Бұл аудан әкімі Серік АРЫСТАН өткізген брифингтің басты «жаңалығы» болды. Өткен жылдың жазында «АЖ» француздың "Issmat investment&finance" компаниясы мен «Атырау» ӘКҚ арасында жасалған бірлескен жобаға сенімсіздікпен қарап, талдап жазған еді. Бекер күмәнданбаған екенбіз.  27 қараша 2018, 10:20 3 021 рет қаралды
Алдымен төсемтас, сосын құбыр Басқа жаңалықтар

Алдымен төсемтас, сосын құбыр

Индербор кентінде жалпы ұзындығы 61,5 км болатын кәріз құбырын тартуға жалпы 2 млрд 56 млн теңге қаралып, жұмыстарды мердігер «Дияр и К» ЖШС атқарып жатыр. Тағы да тұрғындар респуликалық бюджеттен 114 млн теңгеге 2016 жылы салынып, пайдаланылуға берілген төсемтастардың бұзылып, көшелердің қазылып жатқанын айтып жатыр. Сурет Бейнежазба 26 қараша 2018, 15:34 2 639 рет қаралды
"Сырттай" тіркелген адамдар бар Басқа жаңалықтар

"Сырттай" тіркелген адамдар бар

Атырау облысында емханаларға тіркеу науқаны аяқталды. Бүгінгі таңда медициналық мекемелерді таңдау құқығын 6 592 адам пайдаланды. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының жергілікті филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ брифингте мәлімдеді. 26 қараша 2018, 15:00 2 432 рет қаралды
Энергия сатушылар төмен тарифпен келіспейді Басқа жаңалықтар

Энергия сатушылар төмен тарифпен келіспейді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Табиғи монополияларды реттеу департаменті 20 қарашадан бастап «Атырау Энерго Сату» ЖШС-нің тұрғындар үшін электр энергиясының төмендетілген жаңа тарифтерін енгізді. Баспасөз туры барысында ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВ бұл шешіммен келіспейтіндігін жасырмаған еді. 26 қараша 2018, 09:52 1 902 рет қаралды
Атырауда ескі қала үйлерін сүру басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда ескі қала үйлерін сүру басталды

Атырау қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру аясында Жарбосынов, Байтұрсынов, Жангелдин, Молдағұлова, Гагарин, Нәжімеденов көшелерінде орналасқан 271 жеке меншік үйді сүру жұмыстары басталды. Бұл жерлерге халыққа қызмет көрсету орталығы, оқу орны, музей және тағы басқа әлеуметтік нысандар салынады.   Сурет Бейнежазба 24 қараша 2018, 17:30 4 092 рет қаралды
Дүңгіршектерге рейд жасалды Басқа жаңалықтар

Дүңгіршектерге рейд жасалды

Жыл басынан бері Атырауда рұқсат құжатсыз жұмыс істеген 50-ге жуық фаст-фуд дүңгіршектері алынып тасталды. Ал, бүгін 23 қарашада кезекті рейд өткізілді. Бұл жолы «Дина» базары жанындағы самса, чебуреки және басқа да ыстық тағамдар сататын дүңгіршек тексерілді. Сурет Бейнежазба 24 қараша 2018, 17:56 4 610 рет қаралды
Атырауда рэкетирлер вокзал таксишілерін бопсалап келген Басқа жаңалықтар

Атырауда рэкетирлер вокзал таксишілерін бопсалап келген

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таксишілерден ақша бопсалаумен айналысқан алты адамға қатысты үкім шығарды. Сотта анықталғандай, 2014 жылдың шілдесінен бері Атыраудың алты тұрғыны теміржол вокзалынан Орал мен Астраханға жолаушылар тасымалдап жүрген такси жүргізушілерінен қорқытып, ақша алып отырған. 23 қараша 2018, 16:45 3 811 рет қаралды
Бюджет Атыраудағы автобус иелеріне қолдау көрсетеді Басқа жаңалықтар

Бюджет Атыраудағы автобус иелеріне қолдау көрсетеді

2019 жылы жергілікті бюджет жолаушылар тасымалдаушыларды ішінара субсидиялауға кіріседі, ал қаладағы барлық 26 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді. Бұл туралы Атырау мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясында қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ мәлімдеді. 22 қараша 2018, 17:29 1 999 рет қаралды