«ҚазМұнайГаз» ҰК және Еуразиялық даму банкі Астрахан-Маңғышлақ магистральдық су құбырын қайта жаңғыртуды қаржыландыру туралы келіссөздер жүргізуде. Техникалық-экономикалық негіздеме 2020 жылдың көктемінде дайын болады және жоба құны сол кезде анықталады. Аталмыш су құбырына қызмет көрсететін «Магистральдық су ағызғы» ЖШС қайта жаңғырту кезеңінде кәсіпорындар мен елді мекендерге су беруде кідіріс болмайды деп сендірді.
Су ағызғының ең жоғары техникалық мүмкіндігі бүгінде «Қиғаш» желілік өндірістік диспетчерлік станциясы мен 8-су сорғы станциясында (Құлсары қаласы) тәулігіне 94 мың текше метр және 8-су сорғы станциясы мен Маңғышлақ арасы 73 текше метрді құрайды.
Астрахан-Маңғышлақ магистральдық су құбыры арқылы Еділден Батыс Қазақстан мұнай кен орындарына, атап айтқанда ТШО, НКОК, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарына техникалық су беру жүзеге асырылады. Бұдан басқа, 1988 жылы пайдалануға берілген құбыр суды коммуналдық кәсіпорындарға береді. Одан әрі ауыз су сапасына жеткізіп, Құлсары, Жаңаөзен қалаларына, Аққыстау, Бейнеу кенттері секілді елді мекендерді қамтамасыз етеді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА