Атырау, 23 қараша 19:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сасық сай шынымен гүлдемек пе?

4 221 просмотра

Ерсайын ЖАРБОСЫНОВ


12 желтоқсанда «Ренессанс» қонақ үйінде Атырау облысы әкімдігі мен мұнай өңдеу зауытының бірлескен  «қол тумасы» болып табылатын «Атырау МӨЗ» ЖШС булану алаңдарын қайта қалпына келтіру» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

НЕ БАР ЖӘНЕ НЕ БОЛАДЫ

- Өздеріңіз білесіздер, біздер бұған дейін көпшілік алдына шығып, тұрғындармен кездестік,  осы жылдың басында АМӨЗ бастаған  TAZALYQ, жобасы бойынша конференция өткіздік. Жоба аясында АМӨЗ-дің механикалық және биологиялық тазарту  ғимараттарын, сондай-ақ, булану алаңдары мен нормативтік-тазартылған ағындар каналын қайта жаңғырту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, - деп хабарлады «АМӨЗ» ЖШС Қоршаған орта және еңбекті қорғау департаментінің директоры Ерсайын ЖАРБОСЫНОВ.

Кейін сөз «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ өкілдеріне берілді. Олардың мәліметтеріне қарағанда, дәл қазіргі уақытта  ағын суларды булану алаңына коллекторлар арқылы «Атырау Су Арнасы» КМК, «РТИ-АНПЗ» ЖШС, «CaspianContractorsTrust» ЖШС, сондай-ақ, ЖЭО (өз ағын суларын булану алаңына дейін баратын нормативті-тазартылған ағын су каналы арқылы жіберуде) шығарып отыр.

Булану алаңы карталарының жобалық аумағы пайдаланылуда, дегенмен, мынадай ақаулар байқалады:

- шамамен 90% алаңда қамыс және өсімдіктер өскен;  

- үймежал бөгеттері қанағаттанарлықсыз күйде, құлама жарлардың шөгіп, сырғып түсуі байқалады;

- булану алаңының түбі бірдей еңіс емес, сондықтан да судың бірдей ағып кетуін қамтамасыз ете алмайды;

- булану алаңы жеке карталарға бөлінбеген, тек бір қойма ретінде ғана пайдаланылады, ал бұл жөндеу-қалпына келтіру мен кептіру жұмыстарын жүргізуге көп қиындық келтіреді.

Булану алаңын қайта жаңғыртудың негізгі міндеттері:

- сасық иісті заттарды  ауаға шығару мен оның Атырау қаласы аумағына таралуын жою;

- қоршаған орта мен су нысандарының экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында коммуналдық ағын суларды шығару орындарында пайда болған техногендік лай шөгінділерінен булану алаңының түбін тазарту;

- Атыраудың шет аймақтарында өрт қауіпсіздігін тудыратын құрақты жою және оның өсуіне жол бермеу. Булану алаңын тексеру барысы көрсеткендей, су қоймасы алаңының 90% жоғарғы қабатын қамыс басқан. Ал қалған 10%-ы  ашық су қабаты;

- алынған лай шөгінділерін пайдалану және ұтымды орналастыру;

Жоспарланып отырған қайта жарақтандыру қысқаша былай болмақ: АМӨЗ ЖШС-тің булану алаңына баратын канал құрғатылады, траншеяға 10-15 см құм қабаты төселеді және жаңа құбыр жүргізіледі. Одан кейін каналға құбырмен бірге топырақ төгіледі. Булану алаңының өзіне келетін болсақ, топырақтың бүлінген жоғарғы қабатын алып, басқа жерге төгеді. Оның орнына жаңа таза топырақ қабаты төгіледі, оған мұнайға шыдамды шөптер: су бетеге, шалғындық атқонақ, қызыл бетеге, жоңышқа отырғызылады. Булану алаңын кептіру нәтижесінде қамыс қурап қалады, ал кейін топырақтың жоғарғы қабаты борпылдақ болуы үшін жерді жырту керек.

«ЗАУЫТ, КЕЛТІРГЕН ЗИЯНЫҢ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕ!»

Кез келген қоғамдық тыңдаудың ең қызықты бөлігі бұл залдан сұрақтар мен ұсыныстардың берілуі.


«Батыс Эко Қорғау» ҚБ төрағасы Қали ӘУБЕКЕРОВ АМӨЗ өкілдеріне арналған барынша қызықты ұсыныс жасады:

- Кеңес дәуірі кезінде  зиян үшін аудандық  коэффиценттер төледі. Қазір неге Атырау облысының тұрғындары үшін осы зауыттан өтемақы төленбейді? Ең бастысы - бұл адамдарың өмірі мен денсаулығы, бұған қашанғы шыдауға болады?

Әлбетте, бұған жауап болмады.

ЧЕРНОВАДАН ТӨРТ САУАЛ

Экологиялық-құқықтық бастама орталығының басшысы  Галина ЧЕРНОВАДАН өткір төрт сауал қойылды.


«Бірінші сұрақтан бастаймыз: таныстырылымда көрсетілген шөптер тізімінде неге тек  олардың бесеуі ғана аталды, өйткені сіз сөйлегенде жетеуін атаған едіңіз. Содан соң, бұл шөптердің көктейтіндігі және жерсініп кететіндігіне бірде бір зерттеу және ізденіс жұмыстары жүргізілместен, жақсы нәтиже аламыз деп қалай сендіресіз? Зауыт қазір Перетескаға дейінгі өз аумағына жасыл белдеу өсіруге жұмыстанып жатырмыз деп мәлімдеді, бірақ  көріп отырғанымыздай, іс жүзінде әлі ештеңе жоқ.

Сонымен қатар, сіздер булану алаңында қамыс өсіп кетеді деп жаңсақ  пікір айттыңыздар. Шын мәнінде сіздер құрақты көрсеттіңіздер, олардың сүзу қабілеттері әр түрлі, сондықтан да, өтініш, мұқият болыңыздаршы. 

Екінші сұрақ: сіздер неге булану алаңынан тек шірік иіс ғана шығады деп сендіресіздер? Дәлелдерден бұлтара алмайсың! Agip қаржысына қала бойынша орнатылған 104-бақылау станциясы осы жақтан қаланы түгелдей улайтын күкіртсутегінің тарайтынын дәлелдеп отыр. Бізде күкірсутегі бойынша қиын жағдай орын алып отырғанда, қайдағы шірікті айтып отырсыздар?  

Үшінші сұрақ – булану алаңының тарихи ластануына қатысты. Біз зауыттың өз аумағында өткізген дөңгелек үстелге қатысқанымызда, сызбада булану алаңы әлдебір "көп қабатты торт" сияқты деп сипатталған болатын. Пайдаланылған 47 жылдың ішінде үлкен техногендік ластану аймағына айналды. Сіздер тек каналдың үстіңгі қабаттарын ғана алмақшысыздар, ал қозғалмайтын қалған қабаттарына не болмақ? Жоғары жел динамикасы барысында бізде 1 жылдың 200 күнінде жел тұрады, ал оның бәрі ауаға көтеріледі, біз сол ауаны жұтамыз. Ал сіздер бізге сол тарихи ластанған қабаттарды қалдырмақсыздар. Біз онсыз да сол ауаны күнде жұтамыз! Сіздердің тек каналдың жоғарғы қабаттарын ғана алып, қаупі зор төменгі қабаттарын қозғамайтындарыңызбен біз келіспейміз. 

Төртінші сұрақ: Жобаның әкімшісі кім? Оның құжаттарын қайдан қарауға болады? Неге қоғамдық тыңдауларға әкімдік өкілдері келмейді? Олар зауытпен тығыз байланыста емес пе? Егер олар  кәріздік тазарту қондырғыларды пайдалануға енгізуді және оның құрылысын қолдамаса, онда сіздердің жоба (буландыру алаңын қайта жаңғырту) құмға сіңген сумен тең. Бұл қағазда ғана әдемі жазылған болып қалмай ма?!  

ТӨРТ ЖАУАП

Г. Чернованың сұрақтары мен ескертулеріне АМӨЗ  және Қазақ мұнай газ институты өкілдері жауап беруге тырысты:


Булану алаңының қабаттарына қатысты: олардың барлығын тазарту үшін үлкен қаржы және көп уақыт керек. Сондықтан да тек барынша «бүлінген» учаскелер алынады және оларға 5 түрлі шөп отырғызылатын болады. Шөптердің қай түрі жерсінеді - ол  отырғызу барысында белгілі болады. Жалпы, мұндай жағдайларда егілетін шөптердің тізімінде 20 түрі бар, бірақ барлығын бірден отырғызу мүмкін емес. Суару үшін су табиғи көздерден емес, кептірілген каналға орнатылған арнайы гидранттардан алынады.

104-станцияның көрсеткіштеріне қатысты: булану алаңы зауыт артында орналасқан, сондықтан да егер жел қала бағытына қарай соқса, онда зауыт пен булану алаңында  ауа массалары араласып кетеді, сол себепті ауада күкіртсутегінің иісі шығады.

Әкімдік өкілдерінің қатыспауы сол күні сол уақытта болған облыстық мәслихат сессиясымен түсіндірілді.

Булану алаңын қайта жарақтандыру  әзірге жобалау сатысында.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті ұсынған Жансая НАКИМЖАНОВА («Таң» даму және қолдау қоры)

13 желтоқсан 2019, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.