Атырау әкімшілік сотында Атырау қаласының маңында «Volvo» жүк көлігімен бұрылған кезде көше шамының бағанасын құлатып, Атырау-Астрахан жолымен сапарын жалғастырған 37 жастағы түрік азаматына қатысты шешім шығарылды.
Бұл оқиға туралы полицияға жақын маңдағы жанармай құю бекетінің қызметкерлері хабарлаған. Жүргізуші Исатай ауданының Аққыстау ауылында ұсталып, кері Атырауға жеткізілді. Оған ҚР ӘҚБтК-тің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды.
Сот құқықбұзушыға 35 350 теңге көлемінде айыппұл салды. Бұдан басқа, ол материалдық зиянды толық өтеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА