7 желтоқсанда түнгі 01:30 шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында мотоцикл мен "Lada-21703" автокөлігі соқтығысып, салдарынан 46 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның 36 жастағы жолаушысы жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы «Лада» жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді.
- ҚР ҚК-нің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соғатын көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, жыл басынан бері айыппұл тұрағына мемлекеттік нөмірі және құжаттары жоқ 14 мотоцикл қойылған екен.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді оқиға куәгерлері жолдады