Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВТІҢ айтуынша, келер жылы «Атырау» футбол клубының бюджеті айтарлықтай қысқаратын болады. Егер осы жылы ол 1 млрд. 922 млн. теңгені құраса, 2020 жылы бұл сома кемінде екі есе қысқармақ.
- Бұл команданың 1-ші лигаға түсіп қалумен байланысты ма?
- Иә.
Дегенмен, 2020 жылға арналған облыстық бюджетке мини-футбол клубын қаржыландыру енгізіліп отыр. Алайда, оған бөлінер қаржы «үлкен» футболға қарағанда аз болары анық.
- Біздің облыста мини-футболды ресми түрде 74 команда ойнап жүр, оған жүздеген ойыншылар қатысады. Сондықтан да біз Атырауда кәсіби мини-футбол клубын құру жөнінде ұсыныс берген едік, - дейді спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВ. – Оның да атауы "Атырау" болады және мини-футболдан ҚР Жоғары Лигасының чемпионатына қатысады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ