Атырау, 19 тамыз 05:18
 дождьВ Атырау +23.1
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Президенттің Атырауға сапары: негізгі мәселе - мұнай және газ Басқа жаңалықтар

Президенттің Атырауға сапары: негізгі мәселе - мұнай және газ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға жұмыс сапары барысында «Салтанат Сарайында» мұнайгаз саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиналғандарды Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен құттықтаған мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВҚА сөз берді. Сурет 5 қыркүйек 2019, 23:13 5 432 рет қаралды
Полицейдің түнгі ұйқысы Басқа жаңалықтар

Полицейдің түнгі ұйқысы

Әлеуметтік желілерде 28 тамыз күні таңғы сағат 4-те Атырау қалалық полиция басқармасының ғимаратында орналасқан Жедел басқару орталығында түсірілген бейнежазба таралуда: «102» пультінің операторлары екі қатарлы темір кереуетте ұйықтап жатыр, ал олардың қызметтік формалары орындыққа ілінген. Қалалық бақылау камераларының жазбалары жинақталатын мониторларда тек екі қызметкер отыр. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 17:39 5 905 рет қаралды
Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды

3 қыркүйекте Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағына (Қоғамдық бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) сәйкес айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ ісі бойынша сот процесі басталды. Бір жарым жыл бұрын оны 174-бап бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысты, бірақ қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Алайда Мұқатова қазір тағы да жауапкершілікке тартылуда. Сурет 5 қыркүйек 2019, 15:06 5 371 рет қаралды
«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық» Басқа жаңалықтар

«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық»

Жыл басынан бері ұйымдастырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан Қазақстанға 516 адам, оның ішінде 357 бала әкелінді. «АЖ» тілшісі экстремистік діни ағым ұстанушы күйеуінің уағызымен төрт жыл бұрын кішкентай ұлын ертіп, шекара асқан атыраулық әйелмен әңгімелескен еді. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 00:00 5 554 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Петропавлда ардагерлер арасында бокстан ІІІ халықаралық «Ринг королі» турнирі өтті. КСРО спорт шебері Адик Бермешев Атырау облысының намысын қорғады. Рингте 35 жастан асқан 32 боксшы бақ сынады, ал 63 жастағы Адик аға - қатысушылар арасындағы ең жасы үлкені. 5 қыркүйек 2019, 00:00 4 238 рет қаралды
Несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар кешірілді Басқа жаңалықтар

Несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар кешірілді

Атырау облысында кепілдіксіз тұтынушылық қарыздар бойынша 1,4 млрд теңгеден астам айыппұлдар мен өсімпұлдар кешірілді. Бұл туралы «AЖ»-ға ҚР Ұлттық банкі филиалы директорының орынбасары Серік ОМАРОВ хабарлады. 4 қыркүйек 2019, 16:11 4 800 рет қаралды
ТШО тарту еткен мектеп және сағындырған сол күндер Басқа жаңалықтар

ТШО тарту еткен мектеп және сағындырған сол күндер

Шынымды айтсам, сабаққа барғанды ұнатпайтынмын, мектепті сағынған да емеспін. Ерте тұрып, күнделікті үй тапсырмаларын орындауды, физика мен математикадағы шексіз үштіктерді, ығыр қылатын синустарды, косинустарды жек көретінмін. Қазір де иықтарына сөмке асынған оқушылардың ұйқылы-ояу күйде мектепке бара жатқанын көргенде, мұның бәрі мен үшін артта қалғаны қандай жақсы болған деп қуанамын. Сурет 4 қыркүйек 2019, 16:19 5 387 рет қаралды
«Мұнай батырдың» соңғы айқасы Басқа жаңалықтар

«Мұнай батырдың» соңғы айқасы

1 қыркүйекте джиу-джитсудан және грепплинг күресінен әлем және Азия чемпионы, «Мұнай батыр» лақап атымен танылған 41 жастағы атыраулық спортшы Тыныс БИСАЛИЕВ жерлестерінің алдында соңғы жекпе-жегін өткізіп, спорттағы мансабын аяқтады. Сурет Бейнежазба 3 қыркүйек 2019, 16:14 4 761 рет қаралды
Атырауда танымал мұнайшының ескерткіші ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда танымал мұнайшының ескерткіші ашылды

Бұл күндері елімізде және Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Осы күндердің бірінде бүкіл мұнай серкелері қазақстандық мұнайшы, Батыс Қазақстан кен орындарын алғаш ашушы Сафи ӨТЕБАЕВТЫҢ ескерткішін салтанатты түрде ашу үшін Атырау мұнай және газ университетінің студенттік қалашығының аумағына жиналды. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап университетке оның есімі берілген еді. Сурет 3 қыркүйек 2019, 15:36 6 239 рет қаралды
АМУ-де оқу ақысына жеңілдіктер бар Басқа жаңалықтар

АМУ-де оқу ақысына жеңілдіктер бар

Мен ІІМ зейнеткерімін, әйелім декреттік демалыста. 5 баламыз бар, аз қамтылған отбасымыз. Үлкен қызым АМУ-да оқиды, биыл үшінші курсқа көшті. Екі жыл бойы оның оқу ақысын толық төледік, ал осы жылы оған жеңілдік тиесілі екенін кездейсоқ білдік. Бұрынғы әріптесім (ол да зейнеткер) біз сияқты 345 мың теңге емес, 245 мың төлейтінін айтты. Бізге оқу ақысын төлеуге жеңілдік бар ма? 3 қыркүйек 2019, 12:41 4 058 рет қаралды
Шенділер жазаланды Басқа жаңалықтар

Шенділер жазаланды

Атырауда Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бірнеше қалалық және бір аудандық мемлекеттік құрылымдардың басшыларына қатысты тәртіптік істер қаралды. Қатаң сөгіс беруден бастап, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескертулерге дейін жаза берілді. Арасында бір қарағанда соншалықты сұмдық деуге келмейтін заң бұзушылықтар да бар. 3 қыркүйек 2019, 11:59 4 526 рет қаралды
Арнайы мектептердегі "анайы" жағдай Басқа жаңалықтар

Арнайы мектептердегі "анайы" жағдай

Атырау облысының прокуратурасы №3 интернат (тіл мүкістігі бар балаларға арналған), арнайы мектеп-интернат (көру және есту қабілеті нашар балаларға арналған) және мұнайлы астананың басқа да жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу жағдайына тексеру жүргізді. Тексеру барысында жағаұстатарлық талай заң бұзушылықтар анықталды. 3 қыркүйек 2019, 11:13 4 708 рет қаралды
Атырау полицейлері «Қазақтелеком» ғимаратын қоршауға алды – күмәнді пакет анықталды Басқа жаңалықтар

Атырау полицейлері «Қазақтелеком» ғимаратын қоршауға алды – күмәнді пакет анықталды

Қазіргі уақытта Атырауда жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен «Нұр Отан» кеңсесіне дейінгі аумақты полиция қоршауға алған. Себеп - «Қазақтелеком» кеңсесі ғимаратының қабаттарының бірінен табылған қара пакет күмән тудырған. Толықтырылды Сурет Түзетілді 2 қыркүйек 2019, 12:09 6 064 рет қаралды
Өз алаңында ойсырай жеңілді Спорт

Өз алаңында ойсырай жеңілді

31 тамызда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Ертіс» (Павлодар) командалары арасында футболдан ел чемпионатының 25-турының матчы өтті. Ойын нәтижесінде алаң иелері 0:3 есебімен ұтылды. «Ертіс» («Таразбен» бірге) біздің команданың осы маусым қорытындысы бойынша Премьер-лигада қалу құқығына бәсекелес екендігі белгілі. Жинақталып, қонақтарға нағыз ойынның қандай екенін көрсету керек еді, бірақ әу бастан ештеңе үйлеспеді. Сурет 2 қыркүйек 2019, 10:26 4 207 рет қаралды
Жаңа оқу жылына жаңа мектеп Басқа жаңалықтар

Жаңа оқу жылына жаңа мектеп

Бүгін, 1 қыркүйекте Нұрсая ықшамауданында жаңа заманғы талапқа сай салынған 900 орындық орта мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры Жанаргүл АТЧИБАЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінде білім ордасына 1237 оқушы тіркелген. Оның 163-і мектеп табалдырығын алғаш аттап отырғандар. Сурет Бейнежазба 1 қыркүйек 2019, 19:00 9 468 рет қаралды
Сәбилер бақшасын табу оңай емес Басқа жаңалықтар

Сәбилер бақшасын табу оңай емес

Жақында қызым үшін сәбилер тобын іздеген едім. Ал ата-аналардың басым құқығы болмаса, яғни, олар әскери емес, мүгедек немесе көп балалы болмаса, олардың балаларына жеке балабақшадан басқа баратын жол жоқ екен. 31 тамыз 2019, 16:32 6 579 рет қаралды
Барлық санатта жүлде алды Спорт

Барлық санатта жүлде алды

Бұл күндері Венада тағы бір шахмат фестивалі өтті. Оған әлемнің 53 елінен 409 шахматшы қатысты. Мұнайлы астананың намысын өз жас санаты бойынша 9 турда 6 ұпай жинаған Диляра ҒАБИТОВА қорғап, қола жүлде жеңіп алды. Бұл Диляраның әлемдік рейтингте 176 сатыға көтерілуіне мүмкіндік берген рейтингтік турнир еді. 31 тамыз 2019, 10:30 4 319 рет қаралды