Атырау, 23 қараша 20:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Биыл да "погонды" шырша қойылады

4 712 просмотра


Атыраудың басты алаңындағы жаңа жылдың жасыл символы биыл да ұлттық өрнегі бар пластиктермен безендірілмек. Естеріңізде болса, бұл шырша 2018 жыл қарсаңында орнатылған болатын. Сол кезде әлеуметтік желідегілер бұл «погон» тәрізді пластиктерді қызу талқылап, көпшілігі жағымсыз пікірлер қалдырған еді. Келесі жылы көздері үйренді ме, аса даурыға қоймады.

Үлкен шыршалар, сондай-ақ, Дина Нұрпейісова атындағы алаңда, Махамбет Өтемісұлы атындағы театр алаңы, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының алды, Нұрсая және Балықшы ықшам аудандарында орнатылады.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВТЫҢ Facebook парағында хабарлағанындай, биыл мұнайлы астананың жаңа жылдық безендірілуіне 18 млн теңге жұмсалады. Бұл өткен жылмен (61, 6 млн) салыстырғанда бірнеше есе аз.

Айтпақшы 2017 жылы БАҚ-тардың бірі ұйымдастырған Батыс Қазақстанның үздік шыршасы сауалнамасында төрт облыстың арасында Атыраудың осы "погонды" шыршасы ең әдемі деп танылған еді.

Анастасия Алюшина

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет 

19 желтоқсан 2019, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.